30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлерінің күні
Жылдағы дәстүр бойынша «Әділет органдары қызметкерлерінің күні» кәсіби мереке ретінде салтанатты жағдайда аталып өтіледі. Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңында тікелей көзделгеніндей, әділет органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттің құқықтық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.
Мәселен, әділет органдарының негізгі міндеттерінің бірі азаматтардың білікті заң көмегін алу үшін конституциялық құқықтарын жүзеге асыру болып табылады. Және бұл жұмысты әділет қызметкерлерімен бірге Ақмола облысындағы 371 адвокат, 155 нотариус, 237 жеке практикамен айналысатын заңгерлер, 79 жеке сот орындаушылары жүзеге асырады. Жоғарыда аталған заңгерлермен сапалы заң көмегін көрсету өте маңызды, өйткені, ол азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Сондай-ақ, уақыт талабы бойынша өзгертіліп жатқан және электрондық форматқа ауысып жатқан нотариаттық қызметтердің үлкен спектрі бар, ал, жекелеген жағдайларда экстерриториялық белгі бойынша көрсетілуі мүмкін.
Әділет департаменті мемлекеттік қызметтің 12 түрін көрсетеді. Олар: өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау, жеке сот орындаушысының қызметімен, адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, әділет органдары мен өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.
«Цифрлық Әділет» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жөнінде шаралар қабылданды, осылайша былтырғы жылы «Аттестаттау реинжинирингі» автоматтандырылған режимде мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. Адвокаттық, нотариаттық қызметпен және жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына үміткер азаматтарға өте қолайлы. Бұл аттестаттау рәсімінің ашықтығын арттырып, мамандыққа қолжетімділікті арттырды. Біздің мақсатымыз – мемлекеттік қызметтерді барлық азаматтар үшін қолжетімді, ашық және ыңғайлы ету.
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу енді халыққа қызмет көрсету органдарына бару қажеттілігін болдырмай, электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады. Меншік иелері бірлестіктерінің институтын (бұдан әрі – МИБ) енгізу бойынша реформаны іске асыру үшін МИБ-ке электрондық дауыс беруді жүргізуді және оны электрондық тіркеуді көздейтін жоба іске асырылды. Мысалы, егер бұрын азаматтар МИБ-ті тіркеуге және оның төрағасын сайлауға үй тұрғындарымен бірнеше кездесуден бастап әділет органдарына тиісті өтініш беруге дейін ұзақ жол жүруге мәжбүр болса, енді ұялы телефондағы түймені бір рет басу арқылы қосымша арқылы онлайн өтінім беру жеткілікті. Жаңа жобаның арқасында тұрғындар онлайн-форматта МИБ төрағасына немесе толық серіктестікке дауыс бере алады.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда қоғам үшін «Заң және тәртіп» – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры екендігін де нақты атап өтті. Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі болып табылады. Әрбір азамат заңды сақтап, тәртіпке бағынғанда ғана қоғамда қауіпсіздік пен сенім артады.
Қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерлету жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында, жуырда Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде салтанатты түрде «Заң клиникасы» ашылды. Бұл маңызды оқиға әділет органдарының, университеттің, адвокаттардың, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және Заң кеңесшілерінің күш-жігерін біріктіреді. Заң клиникасы азаматтардың білікті заң көмегін алу алаңына ғана емес, сонымен қатар, студенттер үшін бірегей практикалық білім мектебіне айналады.
Бірлескен күш-жігер құқықтық мәдениет деңгейін көтеруге және құқық саласындағы болашақ мамандарды даярлау үшін берік негіз құруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.
Іс-шара барысында Ақмола облысының әділет департаменті, облыстық адвокаттар алқасы, нотаралдық, жеке сот орындаушылар және заң консультанттар палаталары мен Ақмола облысының сот сараптама институты және Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті бірлескен қызмет мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Заң клиникасын ашу – бұл аймақтың құқықтық жүйесін дамытудағы және заңгерлердің жаңа буынын дайындаудағы маңызды қадам. Бүгін біз әділет органдарының, кәсіби қауымдастықтардың және білім беру ортасының тығыз өзара іс-қимылының негізін қалаймыз.
Әділет органдарының негізгі қызметтерінің бірі болып табылатын атқарушылық іс жүргізу саласындағы «Сот орындаушысы роботын» енгізу маңызды жетістік болып табылады. Мәселен, 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақтылы төленбеген жағдайда уәкілетті орган мәліметтерді еш кедергісіз робот сот орындаушысына береді. Іс қозғалғаннан кейін азаматтар іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар EGov Mobile-да 1414-тен SMS хабарлама және push-хабарлама алады, сол арқылы азаматтар айыппұл сомасына қосымша 25 пайызын төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады. Өйткені, барлық әрекеттер онлайн режимінде жүргізіледі.
Ақмола облысы бойынша 552 389 823 теңге сомасына 23 941 жеңілдетілген атқарушылық іс жүргізу қозғалды, оның ішінде 104 303 146 теңге сомасына 5 909 атқарушылық іс жүргізу аяқталды, бұның ішінде нақты 104 251 458 теңге соммасына 4 896 атқарушылық іс аяқталып, бұл ретте облыс тұрғындары жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеуді болдырмау есебінен 20 850 291,6 теңге үнемдеді.
Робот сот орындаушысы бойынша берешектің шекті мәнін 20 айлық есептік көрсеткішкетен 40 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту азаматтарға жылына 12, 2 миллиард теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл құралдар тәуліктің кез келген уақытында пайдаланудың қарапайымдылығымен, жеделдігімен және қолжетімділігімен ерекшеленетін болады.
«Е-Zan Komegi» жобасы адвокаттар мен заң консультанттарының қызметін, олардың процеске қатысушылармен және басқа да мүдделі тараптармен «онлайн» түрде өзара іс-қимылын автоматтандыруға арналған. Жүйеде қылмыстық және азаматтық істер бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегінің процестері автоматтандырылған, яғни, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету үшін қылмыстық қудалау органдары жүйе арқылы адвокаттарды шақыруды жүзеге асырады.
Қазіргі таңда облыс аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде Ақмола облысының аумағында 98 адвокат пен 12 заң кеңесшісі кепілдік берілген заң көмегін көрсетеді. «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде мүліктік өкімдерді қоспағанда, ерлі-зайыптылардың сенімхаттары мен келісімдерінің барлық түрлерін беруге мүмкіндік береді. Заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін клиенттерді биометриялық сәйкестендіру қолданылады өтініштерге қол қою кезінде QR-қол қою сервисі пайдаланылады, қызмет нәтижелері 24/7 режимінде Egov Mobile «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруды және құқық қорғау институттарының жұмысы туралы ақпараттандыру мәселесін маңызды міндет ретінде атап өтті.
Бүгінде ауылдық округтер әкімдіктерімен ұсынылған мәліметтеріне сәйкес, «Құқық кабинеттері» құрылған сәттен бастап қазіргі уақытқа азаматтар өздеріне қажет сұрақтарымен жүгініп, құқықтық ақпарат алуда. Нәтижесінде ауыл тұрғындары өздерін қызықтырған құқықтық мәселелер бойынша жер мәселесі, алимент өндіру, банк шоттарына тиым салу және оны шешу, адрестік-әлеуметтік көмек алу, миграция және басқа да құқықтық мәселелер бойынша жүгінуде.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен азаматтарға құқықтық көмек көрсету аясында құқықтық кеңесші роботы чат-бот іске қосылып отыр.
Чат-ботты пайдалану үшін adilet.kz сайтына немесе eup.adilet.gov.kz сайтына кіріп, төменгі сол жақ бұрыштағы роботты басып, қандай да бір құқықтық консультацияны қажет ететін азаматтар көрсетілген виртуалды консультантты онлайн форматта пайдалана алады. Сонымен қатар, Ақмола облысы Әділет департаменті қызметкерлерінің мұқтаж азаматтарға қайырымдылық көмегін көрсетуге әрдайым дайындылығын ерекше ризашылықпен атап айтқым келеді.
Департамент ұжымы мүгедектігі бар адамдарға, көп балалы отбасыларға, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға және мұқтаж азаматтарға адвокаттармен, нотариустармен, жеке сот орындаушылары және заң кеңесшілерімен бірлесіп үнемі қайырымдылық, материалдық және заңгерлік көмек көрсетілетін акциялар өткізеді. Сонымен қатар, әділет қызметкерлері шығармашылық қабілеттерге ие және әртүрлі іс-шараларға соның ішінде спорттық іс-шараларға қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр.
Кәсіби мереке қарсаңында Ақмола облыстық әділет департаменті ұжымындағы әріптестерімді шын жүректен құттықтай отырып, денсаулық, елімізге бейбітшілік, бірлік пен ынтымақтастық, қазақстандықтарға амандық пен сенімділік, жұмысымызда табыс пен барлық жақсылықты тілеймін.
Баукен ӘЛМЕШ,
Ақмола облыстық әділет департаментінің басшысы.
![]()

