Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді шын жүректен 1 қазан – халықаралық қарттар күнімен құттықтаймын!

Аға буын өкілдері, сіздер, халық даналығы мен рухани құндылықтардың, біздің ең жақсы дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың нағыз сақтаушысысыздар. Сіздер жастарға лайықты үлгі көрсетіп, бізге рухани күш-жігердің, еңбексүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншіліктің нағыз үлгісін жеткіздіңіздер.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құндылықтарға ұқыпты қарау ғана әділетті Қазақстан қоғамын құруға мүмкіндік беретінін бірнеше рет атап өткен болатын. Бұл құндылықтардың басты сақтаушылары әрқашан біздің құрметті ардагерлер мен аға буын өкілдері болды және солай болып қала бермекші.

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында елдің дәулеті қалыптасып, қалалар салынды, өнеркәсіп саласы дамып, денсаулық сақтау мен білім берудің заманауи жүйесі құрылды. Ең бастысы, сіздер кейінгі ұрпаққа даналық пен баға жетпес өмірлік тәжірибені маңызды мұра ретінде қалдырудасыздар.

Ардақты ардагерлер!

Сіздердің тағдырларыңыз шынайы патриотизмнің, батылдық пен қажыр-қайраттың, өз ісіне деген адалдықтың берік үлгісі. Тіпті, елімізде орын алған қиын кезеңдерде де сіздер өздеріңіздің ерік-жігерлеріңіз бен ертеңгі күнге деген сенімділіктеріңізді сақтай алдыңыздар, ол бүгін біздерді шабыттандыруда.

Ендігі біздің ортақ міндетіміз – сіздерге қамқорлық жасап, лайықты өмір сүрулеріңіз үшін жағдай жасап, ертеңгі күнге деген сенімділіктеріңізді қалыптастыру.

Осы бір мереке күні Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір және отбастарыңызға амандық тілеймін!

 ***

Қымбатты ардагерлер, құрметті зейнеткерлер!

Депутаттық корпус атынан сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жыл сайын қазан айында біз үлкендерімізді – ата-аналарымызды, ата-әжелерімізді, тәлімгерлеріміз бен әріптестерімізді шынайы алғыс сезімімен, терең құрметпен еске алып, қадірлейміз. Бұл – бүкіл саналы ғұмырын адал еңбекке, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, еліміздің өркендеуіне және оның рухани-адамгершілік негіздерін нығайтуға арнаған жандарға білдіретін шексіз ризашылығымыздың белгісі.

Ақмола облысында жыл сайын қазан айында қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы өтеді. Бұл терең мағынаға толы жақсы дәстүр: әрқайсымызға ұрпақтар сабақтастығының, үлкендерді құрметтеудің және отбасылық және қоғамдық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын еске салу. Осы жылдан бастап облыс орталығында зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жол жүру мүмкіндігіне ие болды. Бұл қарттарға қамқорлық пен назар аударудың тағы бір қадамы.

Сіздердің көпшілігіңіз үлкен өмір мектебінен өтіп, бүгінде де белсенді еңбек етуді, қоғамдық өмірге араласуды, немерелеріңізді тәрбиелеп, жинақтаған бай тәжірибе мен білімдеріңізді кейінгі ұрпақпен бөлісуді абыроймен жалғастырып келесіздер.

Сіздердің жігерлеріңізге, мақсатқа деген адалдықтарыңызға, тынымсыз еңбектеріңіз бен Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктеріңізге шын жүректен алғыс білдіремін. Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жан жылуы мен жақындарыңыздың мейірімін, көңіл күйіңіздің әрдайым көтеріңкі болып, өмір жолыңызда амандық пен шаттықтың серік болуын тілеймін.

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар