«АМАNАТ» партиясының Ақмола облыстық филиалы бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына «Бастауыш партия ұйымдарының қызметін жетілдіру» тақырыбында екі күндік оқыту семинарын өткізді.
Облыстың барлық аудандарынан келген 35 партия мүшесі «Саяси менеджмент мектебі» бағдарламасы бойынша оқуды аяқтады. Тренинг партиялық-саяси менеджмент негіздері, партиялық жұмысқа стратегиялық көзқарас, ағымдағы партиялық жобалар мен бастамалар, партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру тетіктері, бастауыш партия ұйымының тиімді жұмысы — тұжырымдамадан нәтижеге дейін, цифрлық үгіт-насихат жүргізу, әлеуметтік желі негіздер, халықпен кездесулер ұйымдастыру, партия мүшелерінің белсенділігін арттыру сияқты негізгі тақырыптарды қамтыды.
Семинарда кейс-стадилерді, топтық талқылауларды және практикалық ұсыныстарды қамтитын интерактивті формат ұсынылды. Партиялық тәртіп, азаматтардың арыз-шағымдарын қарау, жастар мен әлеуметтік маңызы бар бастамаларды насихаттау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Нәтижесінде қатысушылар жаңа білім мен дағдыларды алып қана қоймай, тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді шешудің бірлескен тәсілдерін әзірледі. Барлық қатысушыларға сертификат берілді.
![]()

