Үкілі үміт
Қосшы қаласындағы мектеп-гимназияның 10–11 сынып оқушылары үшін «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Шара барысында жастар «Қазына СР» жиһаз цехының жұмысымен танысып, тың әсерлер алды. Экскурсияның негізгі мақсаты оқушыларға еңбек адамы мен еңбектің маңызын аңғарту, өндірістік кәсіпорынның қызметін таныстыру және болашақ мамандық таңдауларына бағыт беру болып табылады.
Шара аясында цех қызметкерлері оқушыларға жиһаз жасау жұмысында қолданылатын құрал-жабдықтар мен технологияларды көрсетті, жасалған жиһаздардың ерекшеліктерінен сыр шертті. Жасөспірімдер болса, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби мамандардан жан-жақты жауап алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер мектеп оқушыларының кәсіби бағдарын айқындап, еңбекке деген қызығушылықтарының артуына сеп болатыны айқын.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

