Ұстаз деген …

Жыр-шашу

Ұстаз деген жас жеткіншек бапкері,
Қаруы оның қалам менен дәптері.
Алға сүйреп жетелейді баланы,
Мейірімге толы айтқан сөздері.

Ұстаз деген жанын ұққан баланың,
Орындаған ата-ана талабын.
Ақ қағазға бала арманын жазғызып,
Басшы болған өсуіне сананың.

Ұстаз жолы – соқпағы көп ұзын жол,
Түбі інжу, қайраңы көп терең көл.
Сол інжуге қол жеткізсе шәкірттер,
Ұстаздардың талмай еткен еңбегі ол.

Ұстаз деген, ол мектептің жүрегі,
Шәкірт деген бір ғана оймен кіреді.
Күз бен қысы, көктем, жазы мектепте,
Нәтижесі – қияға ұшқан түлегі.

Ұстаз деген кемедегі  капитан,
Аралдардан құнды дүние тапқызған.
Ұстаз деген археолог бала үшін,
Білім кеңін «инеменен қазғызған».

Ұстаз деген жол басшы балаға,
Жайлап құяр білім нәрін санаға.
Кірпіш болып қалансын деп өмірде,
Күшін салар ұқсатуға  данаға.

Нұржамилә ӘЛІБЕКОВА,
ардагер ұстаз, Ы.Алтынсарин медалінің иегері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар