Ақмола облысы облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

16 қараша – Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні

 Құрметті ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі

саласының еңбеккерлері мен ардагерлері!

 Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен  шын жүректен құттықтаймын!

Ақмола облысы – жер үстінде алтын дән төгілген егін алқабы, жер қойнауында асыл металға бай қазынасы бар берекелі өлке.

Мемлекет басшысы Жұмысшы мамандықтары жылына орай, Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында облыстың биылғы егін науқанындағы жоғары нәтижесін ерекше атап өтті:

«Диқандарымыз биыл 27 миллион тонна астық жинады. Әр аймақ ел қамбасына мол үлес қосты. Соның ішінде Ақмола облысы ең жоғары көрсеткішке – 7,5 миллион тоннаға қол жеткізді» деді Президентіміз.

Бұл – сіздердің маңдай терлеріңіздің, табандылықтарыңыз бен кәсібиліктеріңіздің айқын жемісі. Биылғы жетістік туған жерге деген адал еңбектеріңіздің тағы бір дәлелі болды.

Ақмола облысы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосып, агроөнеркәсіптік орталық ретіндегі мәртебесін тағы да дәлелдеді.

Біз ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің өңір дамуына қосқан үлесін әрдайым жоғары бағалаймыз.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге береке тілейміз! Отанымыздың өсіп-өркендеуі жолында жаңа жетістіктерге жете беріңіздер! Мерекелеріңізбен!

***

Құрметті ауыл еңбеккерлері, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері және ардагерлері!

Ақмола облысы депутаттық корпусының атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Бұл мерекеде ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосып жүрген барлық жандар — агрономдар, мал өсірушілер, механизаторлар мен өнім өңдеушілер құрметке ие болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдің экспорттық әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындауда ақмолалық диқандар мен мал шаруашылығы еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі ерекше маңызға ие.

Еліміздің басты астықты өңірлерінің бірі саналатын Ақмола облысының фермерлері үшін биылғы ауыл шаруашылығы жылы дәнді дақылдардың рекордтық жоғары өнімділігімен ерекшеленді. Жиналған астық көлемі 7,6 миллион тоннадан асты. Мұндай жоғары нәтиже мемлекеттік қолдау шараларының, ауыл шаруашылығы техникасын жаңартудың және минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемін арттырудың арқасында қол жеткізілді.

Егіншіліктен бөлек, мал шаруашылығы да еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуда маңызды орын алады. Ақмола облысында ет және сүт өнімдерін өндіруге бағытталған түрлі салалар табысты дамып келеді. Өңір құс еті мен жұмыртқа өндірісі бойынша республикадағы жетекші аймақтардың бірі саналады. Бұл елдің ішкі қажеттіліктерінің елеулі бөлігін қамтамасыз етіп, Астананы қоршаған азық-түлік белдеуін қалыптастыруға зор үлес қосуда.

Бүгінде аграрлық сектор инвестиция тарту, жұмыс орындарын құру және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру сияқты маңызды міндеттерді шешуі керек.

Сонымен қатар, Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары арасында өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосатын ірі аграрлық шаруашылықтардың басшылары аз емес екенін атап өткім келеді.

Құрметті жерлестер! Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, сарқылмас жігер және жаңа еңбек жетістіктерін тілеймін. Қиын да қадірлі еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар