Сүт өнеркәсібі
Сүт өнеркәсібі саласы үшін білікті мамандарды даярлау мәселесі агроөнеркәсіп кешені мен тамақ өнеркәсібі салалық кеңестері және Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының бірлескен отырысында талқыланды.
Отырысқа облыстық білім, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары, Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы, «Talap» КЕАҚ, ветеринария және биотехнология жоғары колледжі мен Ірі қара малдың сүтті және аралас тұқымдарының республикалық палатасының өкілдері қатысты.
Қазіргі кезде сүт өндіру саласында, жалпы алғанда, агроөнеркәсіп кешенінде шешілмеген мәселелер аз емес. Негізгі проблемалардың қатарына заманауи өңдеу технологияларын енгізу, өнім сапасын қамтамасыз ету, шығындарды азайту және өнімділікті арттыру жатады. Істі кейін тартып отырған факторлардың бірі – заманауи жабдықтармен жұмыс істеуге және өндірістің инновациялық әдістерін енгізуге қабілетті білікті кадрлардың жетіспеушілігі.
–Біз сүт өнеркәсібі кәсіпорындарында практикалық міндеттерді шеше алатын мамандарға деген қажеттіліктің өсуін байқап отырмыз. Кәсіби даярланған мамансыз заманауи технологияларды енгізу және өндіріс тиімділігін арттыру өте күрделі болып отыр», — деп атап өтті бұл ретте, Өңірлік палата директорының орынбасары Гүлден Хаметова.
Ветеринария және биотехнология жоғары колледжі «Сүт және сүт өнімдерін өндіру» жаңа білім беру бағдарламасын енгізіп жатыр. Ол қазіргі заманғы өндіріс жағдайында тиімді жұмыс істеп, өнімнің сапасын бақылай алатын, сүтті өңдеу процестерін басқарып, инновациялық технологияларды енгізе алатын мамандарды даярлауға бағытталған.
–Біздің мақсатымыз – сүт саласының осы заманғы кәсіпорындарында жұмыс істеп қана қоймай, процестерді жақсарту және инновацияларды енгізу бойынша шешімдер ұсына алатын мамандармен қамту. Бағдарлама теориялық база мен практикалық тәжірибенің үйлесіміне негізделген және біз кәсіпорындарды оқу процесіне белсенді түрде қосамыз. Білім мен бизнестің мұндай өзара іс-қимылы студенттерге еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие жұмыс берушілердің болуына мүмкіндік береді, – деп атап өтті колледж басшысы Айнұр Сансызбайқызы.
Отырыс барысында өңірдегі жетекші сүт кәсіпорындарының басшылары білім беру бағдарламаларын жақсарту бойынша тәжірибелері мен ұсыныстарын бөлісті. Олар түлектердің нақты жұмыс жағдайларына тез бейімделуі және кәсіби тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауы үшін бизнес тәжірибелерін оқу процесіне біріктіру қажеттілігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша колледж және «Гормолзавод» және «Milk Project» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері арасында өзара түсіністік және стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл келісімдер дуальді оқытуды енгізу, тәжірибе алмасу және нарықта сұранысқа ие тәжірибелік дағдылары бар кадрларды даярлауға негіз қалайды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

