Бәрекелді!
Астанада XXVII «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі шымылдығын түрді. Дүбірлі дода араға 6 жыл салып қайта жанданып отыр.
«Камералық хор. Хор дирижері», «Академиялық ән айту және концертмейстерлік шеберлік», «Камералық музыка» (скрипка, альт, виолончель, контрабас, фортепиано), «Фольклорлық ансамбль», «Эстрадалық вокал» (дуэт, трио), «Бейнелеу өнері» (кескіндеме, графика), «Әдебиет» (үздік әдеби шығарма), «Креативті бағыт» сияқты он шақты номинация бойынша таланттылар бақ сынайтын «Шабыт» фестивалі еліміздегі ең ауқымды, ең дәрежелі байқаудың бірі. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» осы додада анықталады.
Фестивальдің «Поэзия» номинациясына Ақмола облысының атынан талантты жас ақындар Манарбек Қыдырбай, Табысбек Үсен, Абылайхан Әшімхан мен Серғазы Қайырболды қатысты.
Жастары 35-ке дейінгі 64 ақын қатысқан байқауда қазылар алқасының шешімімен көкшетаулық ақын Серғазы Қайырболды XXVII «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты атанып, жүлделі 3-інші орынды жеңіп алды.
Сонау 1998 жылы бастау алған фестивальде Ақмола мен Көкшетау өңірлері ақындардың арасынан бүгінде республикаға белгілі қаламгер Алмас Темірбай ғана жеңімпмаз болып, 2001 және 2002 жылдары екі рет «Шабыттың» лауреаты атанып, Гран-При жүлдесін жеңіп алған еді. Араға 24 жыл салып талантты жас ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серғазы Қайырболды да лауреат атанып отыр. Бұл біз үшін үлкен жетістік.
Облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.
![]()

