Өрт сөндіру бекеті ашылды

Күншалған ауылдық округінің «Юркин KZ» ЖШСнегізінде аудан бойынша алтыншы өрт сөндіру бекеті ашылды.

Ағымдағы жылдың басынан бері Ерейментау аудан аумағында 18 өрт оқиғасы тіркелді, оның ішінде 1 табиғи өрт орын алды. Бір адам қаза тапты. Ауданға қарасты көптеген елді мекендер аудан орталығынан алыс орналасқан және көлік қолжетімділігіне байланысты мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелеріне тәуелді. Өрт шыққан жағдайда әр минут маңызды, себебі, ол тілсіз жауды жедел оқшаулап, аз шығынмен ауыздықтауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда аудан әкімдігі елді мекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Олжабай батыр, Еркеншілік, Майлан, Сілеті және Үлкенті ауылдарында 5 өрт сөндіру бекетін құрды. Енді оған Күншалғанда алтыншысы қосылып отыр.

Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, «Юркин KZ» ЖШС базасындағы ерікті өрт сөндіру құрылымына өрт сөндіру автоцистернасы табыс етіліп, өртті тиімді сөндіру және төтенше жағдайларға жедел ден қою мүмкіндігі арттырылды.

Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы ауданның шалғай ауылдық округтерінде тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға және төтенше жағдайларға ден қоюдың жеделдігін қамтамасыз етуге айтарлықтай әсер етеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар