ЕҢБЕГІМЕН ЕҢСЕЛІ
Кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған әділет органдары қабырғасында өз кәсіби міндетіне жан-тәнімен берілген талай өз ісінің майталмандары еңбек етумен келеді.
Олардың еңбегі азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған және қоғамның құқықтық мәдениетін дамытуға елеулі үлес болып қосылуда.
Бүгін біз жұмысы бір қарағанда, көп байқала бермейтін, бірақ, онсыз облыстық әділет департаментінің қызметін көз алдымызға елестету мүмкін емес Гүлбаршын Тәшімова тұрғысында айтқымыз келеді.
Ол облыстық әділет департаментінің қаржылық және материалдық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы. Әділет органдарындағы еңбек жолы 2011 жылдан басталады. Содан бері өзін жауапты маман ретінде танытып, осы салада ұқыптылықпен еңбек етіп келеді.
Гүлбаршын Хайзолқызы 1964 жылы 15 қазанда Целиноград облысының Новоникольское ауылында дүниеге келген. 1984 жылы алғаш еңбекке араласқан ол 1996 жылы Омбы ауыл шаруашылығы институтын экономика мамандығы бойынша тәмамдайды. Осы жылдар ішінде оның әділет саласына қосқан үлесі лайықты бағаланып, бірнеше рет әртүрлі марапаттарға ие болды. Әріптестері оны тек кәсібилігі үшін ғана емес, сонымен қатар, талапшылдығы, жас мамандарға көмектесуге және қолдауға әрқашан дайын тұратындығы үшін құрметтейді.
Бір жағынан ол отбасында жан жары екеуі ұл, қыз тәрбиелеп, әже атанып отырған аяулы жан. Гүлбаршын Тәшімова осылайша өзінің ақадал еңбегімен және өмірлік берік ұстанымымен осы жылдар ішінде мемлекеттік қызметшінің оң бейнесін қалыптастыра білді.
Демек, департаментке жұмысқа келген жас қызметшілерге өздеріне күнделікті қызметтерінде үлгі болатын аға әріптестерін алыстан емес, жандарынан тауып, берік арқа сүйеулеріне болады. Бұл ретте, жұмыс тәжірибесі әрі іскерлігі басым Гүлбаршын Хайзолқызы сондай көп сенімінен шыға білген маман. Ал, мұндай жандардың қадірі бүкіл ұжымға әрдайым да биік.
Медет ЫДЫРЫСОВ,
Ақмола облыстық әділет департаменті
басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл.
![]()

