Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол МЫРЗАБОСЫНОВ:

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

– Жыл сайын маусым басталар алдында министрлік курортты өңірлердің жағдайына мониторинг жасап, жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ, тиісті мемлекеттік орган өкілдерімен кеңестер ұйымдастырады. Биыл кейбір курорттар туристерді қабылдауға дайын болмай шықты. Бұл ішкі туризмге қызығушылықтың артуы, инфрақұрылымның ескіргендігі, су қауіпсіздігі талаптарының орындалмауы мен санитарлық нормаларға сәйкес келмеуі сияқты себептерге байланысты. Жазғы маусымда елдегі курорттарды толық тексерістен өткіздік. Мониторинг топтарында жергілікті атқарушы орган, орталық мемлекеттік орган, қоғам өкілдері болды. Олар 8 өңірді, атап айтқанда, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу облыстарын аралады. Тексеру барысында негізгі ескертулер шомылу қауіпсіздігіне, инфрақұрылымға, көлік қолжетімділігіне, санитарлық-гигиеналық жағдайға қатысты айтылды. Маусым басындағы ескертулердің кейбірі дереу түзетілді, қалғандарына қатысты Жол карталары дайындалды. Алдағы уақытта жүйелі жұмыс жүргізу мақсатында Үкімет жанынан үйлестіру кеңесін құру ұсынылады. Оған барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктер енгізіледі. Мысалы, республикалық маңызы бар жолдарды жоспарлау барысында министрлік Кеңес шешіміне сүйене отырып, туристік нысандарға бағытталған жол құрылыстарын бірден жоспарлай алады. Сол қағидалармен құтқару қызметтері, санитарлық-гигиеналық құрылғылар мен инженерлік желілердің қажеттілігі есептеледі.

Туризмді дамыту жүйелі жұмысты талап ететіні белгілі. Сол тұрғыда өңірлер, уәкілетті орталық мемлекеттік органдар бизнес саласы және бақылаушы органдармен тығыз бірлесіп жұмыс істеуі қажет.

 «Egemen Qazaqstan»

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар