Араққа тәуелді болмау өз қолымызда

САҚТАН! ОЙЛАН! АУЛАҚ БОЛ!

Ішімдікке тәуелділік – бұл спирттік өнімдіерге физикалық және психикалық құмарлыққа байланысты қауіпті кесел. Ішімдік адамдардың өмір салтына үлкен әсер етеді.

Ащы суға салынған адамдар арасында өндірістегі және тұрмыстағы жарақат алу көрсеткіші 1,8-2 есе жоғары. Олар көбінесе әлеуметке қарсы әрекеттердің себепкері болады.

Мас күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың жылдық көрсеткішіне келсек, оның 76пайызы ұсақ бұзақылық, 82 пайызы  қылмыстық істер, 50 пайыздан астамы себепсіз қатыгездік пен бұзақылық әрекеттер болып табылады.

Сонымен қатар, ішімдікке тәуелділіктің соңы, өкінішке орай, шаңырақтардың шайқалып, қала берді жаңа туған сәбидің бойында туа бітті кемістіктерінің пайда болуы мен венерологиялық аурулардың таралуына апарып соқтырады.

Ішімдікке тәуелділік – токсикоманияның бір түрі дейді мамандар. Ол этил спирті бар заттарға тәуелділікпен, абстиненттік синдроммен, сондай-ақ, тұлғаның психикалық, физикалық және әлеуметтік тозуымен сипатталады. Бұл дерт бірден пайда болмайды, оның алдында «тұрмыстық маскүнемдік» кезеңі жүреді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын әлемде алкогольден 2,6 миллион адам қайтыс болады. Ол жалпы өлім-жітім көрсеткішінің 5 пайызға жуығы екен. Тағы 0,6 миллион өлім психоактивті заттарды қолданумен байланысты.

Алкоголь жол-көлік оқиғаларына, зорлық-зомбылыққа, сондай-ақ,Адамның иммун тапшылығы вирусы мен түберкүлез сияқты жұқпалы аурулардың асқынуына тікелей әсер етеді.Себебі, ол иммундық жүйені әлсіретеді.

Қазақстанда жан басына шаққандағы таза алкогольді тұтыну деңгейі жылына 7,7 литрді құрайды. Салыстырмалы түрде Еуропада 9,8 литр екен. Яғни, 2010 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш төмендеген.

Тұтыну деңгейіне келсек, ішімдік ішетін ерлер жылына орташа есеппен 25 литр, әйелдер 8,9 литр таза спирт тұтынады.

Өлім-жітімді айтсақ, ерлер арасындағы бауыр циррозынан болатын өлімнің 74 және жарақаттанудың 34 пайызы алкогольдік өнімдердің салдарынан екен.

Осыдан үш жыл бұрын елімізде салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесі 31,4 пайызға жетті. Оған дейін 2021 жылы 23,2 пайыз болған, яғни, жыл өткен сайын зиянды әдеттен бойларын алшақ ұстап, жан мен тәнді күтіне білетін дені сау ұрпақ қатары артып жатыр.

Қазақстанда ішімдікке тәуелділікті болдырмау мақсатында келесідей шаралар жүзеге асырылуда. Біріншісі, акциз салығын көтеру. Екіншіден, тыйым салынған заттарды жарнамалауға тыйым салынған және шектеу қойылған. Сату уақыты мен жас мөлшеріне шектеу қойылған.

Халықаралық деңгейде 2030 жылға қарай ішімдік өнімдерін тұтынуды азайту үшін ақпараттық науқандарды күшейту, медициналық көмектің сапасын арттыру және кадрларды даярлау, сондай-ақ, мониторинг жүйесін жетілдіру қажет.

 Бейбарыс ШАЛАБАЕВ,
“Арқа ажарының” өз тілшісі. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар