«ҚАУІПСІЗ ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ
Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті Көкшетау қаласының солтүстік өнеркәсіптік аймағы қоймаларының бірінде шартты өртті жою бойынша оқу-жаттығу өткізді. Аталған іс-шара қауіпті өндірістік объектілердегі төтенше жағдайларға ден қоюға арналған жоспарлы дайындық шеңберінде өтті.
Оқу-жаттығуға сәйкес, өрт ауыл шаруашылығы саласындағы қызметпен айналысатын кәсіпорынның қоймасында болды. Шартты төтенше жағдай кезінде қоймада бір тоннаға жуық минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдары болды және бұл ықтимал химиялық қауіпке байланысты өртті сөндіру кезінде ерекше тәсілді қажет етті.
Шартты өртті жоюға жеке құрамның 32 адамы және 8 мамандандырылған техника тартылды. Оқу-жаттығу барысында ескерту, жағдайды барлау, шартты өрт ошағын оқшаулау және сөндіру, сондай-ақ, шартты зардап шеккендерді эвакуациялау секілді барлық атқарылуы тиіс іс-шаралар үйлесімді және бекітілген жоспарға сәйкес ретімен орындалды.
Мамандардың айтуынша, оқу-жаттығудың мақсаты бөлімшелердің өзара іс-қимылын пысықтау және өрт және химиялық қауіптілігі жоғары объектілердегі өрттерге ден қоюға дайындықты тексеру болып табылады.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
![]()

