Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл бізді игі өзгерістерге үміттендіріп,  жақсылыққа деген үміт пен сенімге бастататын, туған өлкенің дамуы жолында біріктіретін жарқын мереке.

Өткен жыл облысымыз үшін өрлеу жылы болды. Біз нақты өңірдің өңін өзгерткен өзгерістердің куәсі болдық. Қалалар мен ауылдардың инфрақұрылымы жаңартылып, жол, мектеп, медицина мекемелері мен мәдениет нысандары жаңадан салынып, күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілуде. Халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, отбасыларды, жастарды және аға буынды қолдауға бағытталған маңызды әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда. Биыл 7 мыңнан астамотбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. Тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы аясында ескі үйлердің орнына 740 пәтерлік 11 үй салынып, бой көтерді.

Агроөнеркәсіптік кешен мен кәсіпкерлік қарқынды дамып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Өңірдің инвестициялық әлеуеті нығайып келеді. Облыс Қазақстанның басты астықты өңірі деген мәртебесін тағы да дәлелдеді. Өңір диқандары 7,6 миллион тоннадан астам рекордтық өнім жинады.

Бұл жетістіктер – сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, жауапкершіліктеріңіз бен тындырымды жұмыстарыңыздың жемісі. Облыстың гүлденуіне өз үлесін қосып жүрген өндіріс және ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне, дәрігерлер мен ұстаздарға, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерге, еріктілер мен белсенділерге және баршаңызға алғыс айтамын.

Жаңа жыл әр шаңыраққа бейбітшілік пен береке, денсаулық пен қуаныш әкеліп, ертеңгі күнге деген нық сенім ұялатсын. Сіздерге және жақындарыңызға бақыт, жылулық пен жаңа табыстар тілеймін. Біздің бірлескен жұмысымыз өңірді бұдан да жайлы әрі қуатты мекенге айналдыра берсін! Жаңа жыл құтты болсын!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

 Депутаттық корпус атынан сіздерді Жаңа 2026 жылмен құттықтаймын!

Біздің әрқайсымыз Жаңа жылды жоспарларымыздың орындалуына, оң өзгерістерге және ертеңгі күнге деген сенімге толы үмітпен қарсы аламыз. Өткен жыл Ақмола облысының тұрғындары үшін маңызды оқиғалар мен жауапты міндеттерге толы болды. Бұл сынақтар мен жетістіктерді біз жерлестеріміздің бірлігі, өзара қолдауы және қажырлы еңбегінің арқасында еңсере алдық.

Ақмола облысы үшін 2025 жыл агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамытумен, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтумен, сондай-ақ, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды іске асырумен есте қалмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде өңірде жаңа әлеуметтік нысандар пайдалануға беріліп, тұрғын үйлер салынуда, қалалар мен ауылдар қарқынды дамып келеді. Өндіріс көлемінің өсуі байқалып, шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда, әлеуметтік сала жүйелі түрде нығаюда.

Өткен жылы қол жеткізілген жетістіктер 2026 жылы жаңа табыстарға бастайтын берік негіз әрі қуатты серпін болатынына сенімдімін. Біз бірлесе отырып, ең батыл жоспарларды жүзеге асыра аламыз!

Құрметті жерлестер! Жаңа жыл әр шаңыраққа жылылық, қуаныш пен өркендеу әкелсін, жасампаздық пен дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашсын. Сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, бейбітшілік, бақыт, татулық және ертеңгі күнге деген нық сенім тілеймін!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар