ПРОКУРОР НАЗАРЫ
Облыс прокуратурасы ғылымды дамыту және отандық өндірісті қолдау мақсатында бөлінген мемлекеттік гранттық қаражаттың тиімді жұмсалуына тексеріс жүргізді.
Оның барысында грант қаражатын тиімсіз пайдалану, жобалардың қайталануы, мемлекеттік мүліктің бүлінуі, сондай-ақ, мәлімделген бастамалардың толық іске асырылмау фактілері анықталды.
Атап айтқанда, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің қызметінде 295 миллион теңге көлеміндегі гранттық қаражаттың тиімсіз пайдаланылғаны белгілі болды. Аталған қаражат зауыт салу және өнім өндіру мақсатында бөлінгенімен, ол нысаналы мақсатына сай жұмсалмаған.
Қазіргі уақытта бұл қаражатты сот тәртібімен мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр.
Тағы бір жағдайда ғылыми орталықтардың бірінің лауазымды тұлғалары ғылыми зерттеулер аясында өндірілген 850 тоннадан астам тұқымдық астықты полигонға шығарып тастаған. Соның салдарынан мемлекетке 100 миллион теңгеден астам залал келтірілген.
Бұл салғырттық дерегі бойынша да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді.
Жалпы, мемлекеттік гранттық қаражаттың тиімді жұмсалуына жүргізілген тексерістердің нәтижесінде мемлекеттік қаржыландырудың бөлінгеніне қарамастан, бекітілген жоспарларға сәйкес іске асырылмаған 13 ғылыми жоба анықталды.
Ақмола облысының прокуратурасы.
![]()

