Ата-аналардың волейбол жарысы

БӘРЕКЕЛДІ!

Мұны бір мектеп қабырғасындағы соны жаңалық деп бағалап, сүйіншілеуге болады. Себебі, бұрын-соңды оқу орнында дәл осындай жарыс өткізілді деп естімеппіз. Бұл арада әңгіме оқушылардың ата-аналары арасында ұйымдастырылған спорт сайысы туралы болып отыр. Ол – Көкшетау қаласында «Dostyq school» мектебі оқушыларының ата-аналары арасында волейболдан өткеналғашқы жарыс.

Бұл жарысқа 7 топ қатысты.Олардың арасында өзара өткізілген ойындардың қорытындысы бойынша бірінші орынды11«Ә»сынып оқушыларының ата-аналарынан құралған «Арлан» командасы жеңіп алса, екінші орынды 10 «В»сынып оқушыларының ата-аналарынан құралған «Достық» командасы, үшінші орынды 10 «А» сынып оқушыларының ата-аналарынан топтастырылған «Ұшқын» командасы бөлісті.Турнирге белсене қатысқаны үшін «Достық»командасының капитаны Ержан Шәкіржанов арнайы марапатпен аталып өтілді.

–Мектепте оқушыларымыздың ата-аналары арасында өткізілетін мұндай жарыстар салауатты өмір салты мен бала тәрбиесінің маңызды бір буыны,– дейді мектеп директорыСамат Сағындықов. –Осындағы спорттық үйірмелер мен іс-шараларға қатысу отбасында жағымды ахуал қалыптастырады, өйткені, ата-аналардың өздері ұл-қыздарына белсенді өмір салтының үлгісін көрсетеді. Ал, бұдан алар тағылым аз емес.

Иә, осыдан кейін балаларға сондай бір оң тәрбиенің жолын таба білген ұстаздар қауымының бұл ізденісі құптауға тұрарлық екені айдан анық.

 Нұрлан ТЕМІРХАН.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар