БРАКОНЬЕРЛІКПЕН КҮРЕС
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында заңсыз аң аулау дерегі анықталып, құқық бұзушыларға Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 337-бабы аясында айыптау үкімі шығарылды.
Үш азамат «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Зеренді филиалының қорғау аймағында үш бас сібір елігін заңсыз атып, табиғатқа елеулі зиян келтірген. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды.
Сотталушылар кінәсін мойындамағанына қарамастан, Зеренді ауданы прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысының принципті ұстанымының арқасында олардың кінәсі толық дәлелденді.
Сот үкімімен қылмысты ұйымдастырушы 6 жылға бас бостандығынан айырылса, оның екі сыбайласы әрқайсысы 2 жыл 8 айға сотталды. Қылмыс жасау кезінде пайдаланылған автокөлік мемлекет меншігіне тәркіленді. Үкім заңды күшіне енді.
Бұл жыл басынан бері аталмыш аудан бойынша Қылмыстық Кодекстің 337-бабының негізінде шығарылған екінші айыптау үкімі болып отыр.
Облыс прокуратурасы балықшылар мен аңшылар арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуде.
Өткен 2025 жылы аңшылық және балық аулау ережелерін бұзғаны үшін облыста жалпы сомасы 8,5 миллион теңгеге шамамен 400 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 11 қылмыстық іс тіркелді.
Аңшылар мен балықшыларды заң талаптарын қатаң сақтауға және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға шақырамыз.
Ақмола облысының прокуратурасы.
сурет cdnn21.img.ria.ru сайтынан.
![]()

