Еліміздің болашақ ұрпақтың тағдыры мен үшін жай ұғым емес, күнделікті жауапкершілік екенін терең сезінетін ана ретінде, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына қатысты өз ұстанымымды білдіруді өзімнің бір деп санаймын.
Бүгін біз жай ғана құқықтық құжатты талқылап отырған жоқпыз. Біз балаларымыз өмір сүретін, білім алып, өсіп-өркендейтін мемлекеттің болашағын айқындайтын қоғамдық келісімнің берік негізін қарастырып отырмыз. Бұл ел ертеңін айқындайтын тарихи кезең. Жаңа Конституция жобасында отбасы мен келер ұрпақ үшін айрықша мәнге ие бірқатар маңызды бағыттар көрініс тапқан.
Біріншіден, мемлекеттің әлеуметтік бағытын нығайту, Конституциялық нормаларда отбасы, ана мен баланы қорғау басымдық ретінде айқындалған. Сонымен қатар, азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау мемлекеттің жауапкершілігі екені нақты белгіленген. Бұл жай ғана ұран емес, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау салаларындағы мемлекеттік саясаттың берік іргетасы.
Екіншіден, әділеттілік пен заң алдындағы теңдік қағидатын күшейту.
Әрбір ана үшін баласының заң үстемдік еткен, баршаға тең мүмкіндік берілген қоғамда өмір сүруі аса маңызды. Тұрғылықты жеріне немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан, әр азаматтың өз қабілетін жүзеге асыруына тең жағдай жасалуы – өркениетті мемлекеттің басты белгісі.
Үшіншіден, азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту. Жоба қоғамдық бақылау мен азаматтық қатысу тетіктерін күшейтуді көздейді. Бұл аналар, ата-аналар қауымдастығы және қоғамдық ұйымдардың дауысы мемлекеттік саясатты қалыптастыруда ескерілетінін білдіреді. Ашық диалог пен белсенді азаматтық ұстаным – дамыған қоғамның негізі.
Төртіншіден, биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігі қоғам сенімінің тірегі. Ал, сенім бар жерде тұрақтылық та, даму да болады.
Ақмола облысының аналары үшін Конституцияда отбасы тәрбиесінде қалыптасатын құндылықтардың, соның ішінде үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, еңбекқорлық, заңға құрмет пен жауапкершіліктің айқын көрініс табуы аса маңызды. Себебі, берік отбасы берекелі қоғамның негізі.
Конституция – тек құқықтар жиынтығы емес, сонымен бірге, міндеттер мен жауапкершілік. Бұл еркіндік пен тәртіптің, мүмкіндік пен парыздың тепе-теңдігі.
Бүгін біз ел болашағын айқындайтын жауапты кезеңнің алдында тұрмыз. Қабылданатын шешімдер мемлекетіміздің алдағы даму бағытын белгілейді.
Ақмола облысының Аналар кеңесі жаңа Конституция жобасын әлеуметтік әділеттілікті, мемлекетшілдікті және қоғамдық тұрақтылықты нығайтатын маңызды қадам ретінде қолдайды. Біз берік құқықтық негіз – балаларымыздың сенімді болашағының кепілі екеніне сенімдіміз. Болашақ бүгін қабылданған шешімдерден басталады.
Айнұр ЖАХИНА,
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы.
![]()

