Ақмола облыстық әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Е.С.Жаркешовтың төрағалығымен ішкі нарықты қорғау мәселелері бойынша Өңірлік ахуалдық штабтың отырысы өтті. Онда лифт қызметінің қауіпсіздігін реттеу және қамтамасыз ету мәселесі егжей-тегжейлі қаралды.
Жиынға лифттерді пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігі ескеріле отырып, «Қазақстанның ұлттық лифтшілер Қауымдастығы» ЗТБ президенті Е.М.Игибаев шақырылды. Ол лифт қызметінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің және ұлттық стандарттың талаптарын түсіндірді.
Штаб отырысында Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары мен Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті орынбасарының баяндамалары тыңдалды.
ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Е.А.Оспанов лифттерді пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бақылауды іске асыру жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы бірқатар ұсыныстар айтты.
Отырыс қорытындысы бойынша «Лифт қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО ТР және ұлттық стандарт талаптарын қатаң сақтау туралы тапсырмалар мен тиісті ұсынымдар берілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

