Өңірде елді мекендерді көктемгі су тасқынынан қорғауға бағытталған алдын алу шаралары жалғасуда. Мұз кептелістерінің алдын алудың тиімді тәсілдерінің бірі – өзендерде бақыланатын жарылыс жұмыстарын жүргізу.
Жарылыс жұмыстары мұз қабатын әлсіретіп, қауіпті учаскелерде мұзды бұзуға бағытталған. Бұл еріген судың еркін өтуін қамтамасыз етіп, елді мекендерді су басу қаупін азайтады.
Қазіргі уақытта жұмыстар Жабай, Нұра, Есіл, Қалқұтан, Боқсық Сілеті, Жыланды, Қарасу және Шағалалы өзендерінде жүргізілді.
Барлығы 56 жарылыс жасалып, шамамен 20 мың шаршы метр аумақта жұмыстар атқарылды.
Жұмыстар өңірді су тасқыны кезеңіне дайындау аясында жергілікті атқарушы органдармен жүргізілуде.
@112aqmola
![]()

