ӨҢІРЛІК БРЕНД
Өңірлік бренд – бұл өңірдің өнімі, мәдениеті, дәстүрі мен беделі арқылы қалыптасатын аумақ туралы түсініктердің тұрақты жиынтығы. Бұл тек саудаға ғана емес, туризмді, инвестициялық тартымдылықты және мәдени бірегейлікті дамытуға да әсер етеді.
Тауар нарықтарында жаһандану және бәсекелестіктің күшеюі жағдайында орнықты өңірлік брендтерді қалыптастыру ерекше маңызға ие. Оларды құқықтық қорғау мен ілгерілетудің негізгі құралдарының бірі географиялық нұсқаулар болып табылады.
Географиялық көрсеткіш – егер өнімнің сапасы, беделі немесе өзге де сипаттамалары оның географиялық шығу тегімен едәуір байланысты болса, тауарды белгілі бір аумақтан, өңірден немесе жерден шығарылған ретінде сәйкестендіретін белгі.
Осы географиялық объектінің аумағында оның сипаттамаларын қалыптастыруға елеулі әсер ететін тауар өндірісінің ең болмағанда бір сатысы жүзеге асырылуы тиіс. Белгiлеу географиялық нұсқау функциясын, егер ол белгiлi бiр жерге байланысты өнiмнiң шығу тегiн көрсеткен жағдайда ғана орындай алады.
Географиялық көрсеткіш ауыл шаруашылығы өнімін, тамақ өнімдерін, қолөнер және өнеркәсіп бұйымдарын белгілеу үшін пайдаланылады, олардың ескі тарихы және шыққан жерімен, оның табиғатымен және мәдениетімен тығыз байланысы бар.
Қазіргі уақытта Ақмола облысы аумағында 10 өнім географиялық көрсеткіш куәлігін алды. Олар Көкшетау балмұздағы, Көкшетау майы, Бурабай балы, Көкшетау сабыны, Көкшетау қоюлатылған сүті, Көкшетау тастары, Көкшетау ысталған палауы, AQUA-BURABAY, Көкшетау халуасы және Көкшетау сұйық сабыны.
Географиялық көрсеткішті тіркеуді Ұлттық зияткерлік меншік институты жүзеге асырады. Оны тіркеу үшін мыналарды дәлелдеу қажет. Яғни, тауардың белгілі бір аумақпен байланысының, географиялық ортамен негізделген ерекше қасиеттері, сапасы немесе беделі болуы керек әрі көрсетілген аумақ шегінде өндірілуі шарт. Бұл ретте, географиялық көрсеткішті тіркеу тауардың белгілі бір сапасы, беделі немесе оның географиялық шығу тегімен едәуір дәрежеде байланысты басқа да сипаттамалары сақталған жағдайда мерзімсіз қолданылады.
Географиялық көрсеткішті тіркеу арқылы қорғау Қазақстанның түрлі өңірлерінде өндірілетін тауарларды ұлттық брендтеуді ілгері апаруға, сондай-ақ, олардың әлемдік нарықта танымалдылығын, инвестициялық тартымдылығын арттыруға және туристік саланы дамытуға ықпал етеді.
Географиялық көрсеткіш тауарлардың аймақтық сәйкестігін қорғауға бағытталған маңызды зияткерлік меншік институты болып табылады. Қазақстан Республикасы үшін географиялық көрсеткіштер институтын тиімді дамыту бәсекеге қабілетті өңірлік брендтерді қалыптастырудың маңызды факторы бола алады. Сондықтан, ішкі нарықты нығайту және ұлттық өнімді халықаралық деңгейде ілгерілету бағытында жүйелі жұмыс жүргізуіміз керек.
Д. Қоңқаева,
Ақмола облыстық әділет департаментінің
зияткерлік меншік құқықтары бойынша бөлімінің бас маманы.
![]()

