Су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді

Ақмола облысында облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен жұмыс істейтін су тасқынына қарсы штаб аясында қар шығару және тасқын кезеңіне дайындық жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Бүгінгі күні өңірлердің әкімдіктері шамамен 2,5 миллион текше метр қарды сыртқа шығарды, 400 шақырымға жуық арықтар мен каналдар тазартылды. Жұмыстар тәулік бойы шамамен 1,5 мың техника тарта отырып жүргізілуде. Су тасқынының алдын алу шараларына ерекше көңіл бөлінуде.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов Аршалы және Целиноград аудандарында, сондай-ақ, Қосшы қаласында жедел штабтың көшпелі отырыстарын өткізді.

Аралау барысында аудан әкімдіктері мен салалық қызметтерге қар шығару қарқынын арттыру, су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыру, анықталған кемшіліктерді жою және тасқын кезеңіне дайындық деңгейін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жалпы, елорда маңындағы өңірлерде 936,7 мың текше метр қар шығарылды. Техника екі ауысымдық режимде жұмыс істеуде. Қосымша түрде арықтарды тазалау, еріген суды сору және елді мекендерден қар шығару жұмыстары күшейтілді.

Жағдай облыс басшылығының тұрақты бақылауында.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар