5 сəуір – Геолог күні

Сәуірдің алғашқы жексенбісінде елімізде дәстүрлі түрде Геолог күні атап өтіледі. Бұл күн – Қазақстанның жер қойнауын зерттеп, табиғи байлықтарды игеру жолында тер төккен мамандардың кәсіби мерекесі. Геология – табиғаттың терең құпияларын ашатын, мемлекеттің дамуына серпін беретін стратегиялық маңызды сала.

Қазақстан геологиялық әлеуеті жоғары мемлекеттердің бірі саналады. Ел аумағында сирек кездесетін металдардан бастап, көмірсутек, уран, алтын және басқа да пайдалы қазбалар молынан кездеседі. Осы байлықты зерттеп, нақты қорын анықтау, тиімді жолмен өндіру – геологтардың кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Экономиканың ілгерілеуі, өндірістік кешендердің дамуы – бәрі де геологиямен тығыз байланысты.

сурет agmpnews.kz сайтынан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар