Артық су қоймаларға құйылып, сақталады

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпан Зеренді және Бурабай аудандарының шекарасында орналасқан Иванов қоймасының жағдайын тексерді.

Қылшақты өзенінің ағысы Иванов қоймасынан Қопа көліне қарай бағытталғандықтан, бұл нысан ерекше бақылауда тұр. Қазіргі уақытта қойманы жаңарту жобасы әзірленуде, онда бастапқыда болмаған реттеуші шлюздер орнатылмақ. Мамыр айында жоба сараптамадан өтеді.

– Аймақ басшысының тапсырмасымен біз барлық су қоймаларын қалпына келтірудеміз. Бұл су тасқыны қаупін азайту және қажетті су қорын жасау үшін қолға алынып жатқан шара. Иванов қоймасында су деңгейін реттеу мәселесін мүмкіндігінше қысқа мерзімде шешу міндеті қойылған. Себебі, мұнда су тасқыны кезінде су төгуге арналған құбырлар жеткіліксіз болып отыр. Қолға алынған жоба осы олқылықтың орнын толтыруы тиіс, – деп атап өтті Мұрат Балпан.

Облыс бойынша бұл күндері, су тасқынына қарсы күреске 1,5 мың адам және шамамен 1 мың техника  жұмылдырылған. Астрахан, Есіл және Атбасар аудандарында аумақтық қорғаныс әскери бөлімдері белсенді көмек көрсетуде. Өзендердің қауіпті учаскелерінде тәулік бойы бақылау жүргізетін 90-нан астам бекет ұйымдастырылған.

Мұз қыспақтарының алдын алу үшін жарылыс жұмыстарын жүргізуге қажетті барлық құрал-жабдықтар толық дайын. Соңғы күндері Атбасар ауданының Мариновка, Борисовка және Садовое ауылдарында, сондай-ақ, Ерейментау ауданының Еркіншілік ауылы маңында Қарасу өзені бассейнінде мұндай мұз кептелістері жойылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар