Әкім – іс үстінде
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласын жұмыс бабымен аралаған кезінде Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында болды.
Бұл байырғы білім ордасында 210 бала оқиды, оның ішінде ауылдық жерлерден келген 150 оқушы интернатта тұрады. Мектеп қарамағында оқу корпусы, асхана, интернат және көліктер қоятын гараж бар. 2024 жылы облыстық бюджет есебінен интернат ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазовтың айтуынша, техникалық қорытынды беру нәтижесінде мектеп асханасының ғимараты апатты жағдайда деп танылған және күрделі жөндеуге келмейді, сондықтан, оны бұзып, жаңасын салу қажет.
Облыс әкімі балалардың білім алуы мен интернатта тұруы үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастырудың маңыздылығын, сондай-ақ, мектеп инфрақұрылымын жаңғырту мәселелерін дер кезінде шешу қажеттігін атап өтті. Соған орай, тиісті, қызметтерге жаңадан тез арада асхана ғимаратын салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Сурет gov.kz сайтынан.
![]()

