Алғыс арқалаған әскери қызметшілер

Көмек

Көктемгі су тасқынына қарсы ұйымдастырылған шараларға қатысқан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің №55209 әскери бөлімінің қызметшілеріне аудан әкімдігі тарапынан алғыс білдірілді.  

Ақкөл қаласынан келген әскери қызметшілер Пригородное ауылындағы қызыл судың алдын алу шараларына белсене ат салысып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты. Атқарылған жұмыстар барысында инертті материалдар толтырылған 12750 қап дайындалып, ауыл аумағына төселді. 750 метрден астам жер үйіндісі нығайтылып, оны қорғау мақсатында шамамен 750 метр полиэтиленді жапқыш төселді.

Өңірде су тасқынының алдын алу шаралары бойынша атқарылған  жұмыстардың қорытындысы шығарылып, 20 әскери қызметшіге аудан әкімдігі атынан алғыс білдірілді. Салтанатты рәсімде аудан әкімінің орынбасары Ербол Мұқашев сарбаздарға тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін ризашылығын жеткізіп, осы Алғыс хаттарды табыс етті.

Аталмыш әскери бөлім командирінің орынбасары, майор Асхат  Қапалбеков өз кезегінде сарбаздарға көрсетілген қолдау үшін аудан басшылығына және жергілікті тұрғындарға ризашылығын білдіріп, су тасқынына қарсы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Ауыл тұрғындары да тасқынның алдын алуға көмектескен әскери қызметшілерге алғыстарын жаудырып, түскі ас ұйымдастырды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар