Ол күндердің жаңғырығы жүректе

Ерлік – ұрпаққа ұран

Облыс орталығындағы Станционный үлгілі кітапханасында Ауған соғысының ерлеріне арналған «Ерлік – ердің қасиеті» атты мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің ерлігін дәріптеу, олардың Отан алдындағы әскери антқа адалдығын насихаттау және жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыру болып табылады.

Кездесуге құрметті қонақтар ретінде Ауған соғысының ардагерлері Нұрбек Әбілқасымов, Мұханбетқали Қойшенов, сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы, қоғам қайраткері, публицист, «На той войне, незнаменитой», «Сестра моя жизнь» кітаптарының авторы Әлия Ахетова шақырылды.

Іс-шара барысында Ауған соғысының тарихы, қазақстандық жауынгерлердің осы соғыстағы жауынгерлік жолы, олардың ерлігі мен қайсарлығы туралы мазмұнды әңгімелер ортаға салынды. Ардагерлер соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, Отанға адал қызмет етудің маңызын жастарға терең түсіндіруге тырысты. Ал, Әлия Ахетова өз сөзінде соғыс тақырыбының өз тағдырына тигізген әсері туралы ой қозғап, осындай еңбектер арқылы тарихи жадыны ел есінде сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Оның тағылымды сөздері кездесуге ерекше рухани мән берді.

Кездесу соңында кітапхана қызметкерлері келген қонақтарға алғыс білдіріп, мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралардың жас ұрпақ үшін маңызы зор екенін атап өтті. Сөйтіп, «Ерлік – ердің қасиеті» атты кездесу жастардың ел тарихына интернационалист-жауынгерлер ерлігіне деген құрметін арттырған әсерлі шара болды.

Бақыт САТАЕВА,
кітапхана меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар