Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Биыл Президенттің орман алқаптарын ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында елімізде 150 миллион түп ағаш отырғызу жоспарланғаны белгілі.Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан қатысты.
Осы орайда, күні кеше Шағалалы орманшылығының «Бұқпа» мемлекеттік мекемесінде шамамен 1 гектар аумақта 5 мың түп екі жылдық қарағай көшеті отырғызылды.
Облыстың жалпы орман қорының аумағы 405 мың гектарды құрайды. Жүктелген міндетке сәйкес, өңірде жыл соңына дейін 20 миллион ағаш отырғызу көзделген. Белсенді отырғызу науқаны сәуір айының ортасынан бері жүргізілуде. Бүгінде шамамен 10 миллион көшет отырғызылды. Бұл жұмыстарға орман шаруашылықтарының 700-ге жуық қызметкері мен маманы жұмылдырылған.
Көктемгі маусымның соңына дейін өңірде тағы 5 миллион қылқан жапырақты көшет, ал, күзде дәл сондай мөлшерде жапырақты ағаштар мен бұталар көшеттері отырғызылады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

