Құрметті облыс тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран – тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің және ұлттық бірлігіміздің қасиетті нышандары. Олар қазақ халқының ғасырлар бойғы тарихын, азаттыққа, жасампаздық пен өркендеуге деген ұмтылысын бейнелейді.
Бұл мереке еліміздің барлық азаматтарын патриотизм, мемлекетке деген құрмет, Отанымыздың бүгіні мен болашағына жауапкершілік сияқты ортақ құндылықтар төңірегіне топтастырады. Біз тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтамыз және еліміздің дамуына, тұрақтылығы мен әл-ауқатының нығаюына өз үлесімізді қосып келеміз.
Ақмола облысы әрдайым еліміздің абыройын асқақтатып, оның тұрақты дамуына үлес қосып жүрген дарынды әрі бастамашыл азаматтардың өңірі болып қала береді.
Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік, бақыт, бақ-береке және Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы жаңа табыстар тілеймін!
***
Құрметті ақмолалықтар!
Депутаттық корпус атынан Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңға сәйкес 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.
Мемлекеттік рәміздер Конституциямен қатар тәуелсіз мемлекеттің маңызды белгілерінің бірі, елдің айрықша нышаны әрі ұлттық бірегейліктің көрінісі болып табылады. Олар мемлекеттілікті нығайтудың негізі және еліміздің дамуының ажырамас бөлігі саналады.
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – біздің ұлттық құндылығымыз, еліміздің тарихына, мәдениетіне, тілі мен дәстүріне деген құрметтің белгісі. Біз мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, олардың терең мағынасы мен қасиетті мәнін әрдайым жоғары бағалауымыз қажет.
Мемлекеттік рәміздер күні – еліміздің егемендігін нығайтудың, жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеудің және жарқын болашаққа ұмтылыстың айқын белгісі болып табылады.
Осы айтулы күні еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосып жүрген әрбір Қазақстан азаматына шынайы алғысымызды білдіреміз. Әсіресе, жастар мен ғылыми қауымдастыққа ерекше сенім артамыз. Сіздер ұлтымыздың болашағысыздар. Білімге, жаңашылдыққа және биік жетістіктерге деген ұмтылыстарыңыз Қазақстанның ертеңін айқындайды.
Баршаңызға және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, амандық, еңбекте табыс, тұрақтылық пен Отанымыздың игілігі жолындағы өркендеу тілейміз!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.
Сурет cdn05.qazaqstan.tv сайтынан.
![]()

