Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасы полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн заңдылық пен қоғамдық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде күнделікті атқаратын маңызды және жауапты миссияларыңызды ел болып мойындау символы болып табылады. Полиция қызметкерлерінің адалдығы, батылдығы, ержүректілігі, жоғары кәсібилігі шынайы құрмет пен алғысқа лайық.

Бүгінгі таңда ішкі істер органдары қылмыспен күресу, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелерінің кең ауқымын табысты шешуде. Осы ретте, құқық қорғау жүйесін дамытуға зор үлес қосып, өскелең ұрпаққа баға жетпес тәжірибе мен Отанға қызмет етудің озық дәстүрлерін сіңірген осы қызмет ардагерлеріне ерекше алғыс айтамын.

Ақмола облысының полицейлері алдағы уақытта да өз міндеттерін абыроймен атқарып, заң мен қоғам мүддесін қорғайтынына сенімдімін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, бейбітшілік, жаңа кәсіби жетістіктер, Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы жауапты қызметтеріңізде табыс тілеймін!

***

Қадірлі ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Бүгінде ішкі істер органдарының қызметі жоғары ұтқырлықты, кәсібилікті және заманауи сын-қатерлер мен қауіптерге жедел ден қоюға дайын болуды талап етеді. Технологиялардың дамуына байланысты қылмыстың жаңа түрлері мен азаматтардың құқықтары мен мүлкіне қол сұғудың жаңа тәсілдері пайда болуда. Бұл сіздердің қызметтеріңіздің маңыздылығы мен сұранысын одан әрі арттыра түсуде.

Еліміз тәуелсіздік жылдарында құқықтық тәртіп пен қоғамдық тұрақтылықты нығайту жолында қол жеткізген елеулі жетістіктердің негізінде сіздердің табанды да жанқиярлық еңбектеріңіз жатыр. Ішкі істер органдарының тарихында қылмыспен күрес пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында көрсетілген ерлік, қайсарлық пен батырлықтың жарқын үлгілері аз емес.

Осы мереке күні Қазақстан полициясының қалыптасуы мен дамуының бастауында тұрған ардагерлерге және қоғамдық тәртіптің сақталуы, азаматтардың қауіпсіздігі мен өңірдегі тұрақтылықтың қамтамасыз етілуі жолында жауапкершілікпен, адалеңбек етіп жүрген Ақмола облысы полициясының қызметкерлеріне зор құрмет пен шынайы ризашылығымызды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметте толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілеймін!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар