Құрылтай – ел болашағын айқындайтын маңызды белес

Жуырда қабылданған Жаңа Ата Заң мен жүйелі реформалар қоғамымыздың жаңа демократиялық сипатын айқындап, мемлекет пен азаматтар арасындағы байланыстың жаңа деңгейіне жол ашты. Бұл бағытта алдағы өтетін Құрылтай сайлауы – тек саяси науқан ғана емес, бұл – халықтың еркіндігі мен болашаққа деген сенімінің нақты көрінісі.

2026 жылдың 23 тамызында Қазақстанда елдің алғашқы бір палаталы Парламенті – Құрылтайдың алғашқы құрамына сайлау өтеді. Жалпы, қазақ халқы үшін құрылтай ұғымы – тарихи маңызы зор құндылық. Ерте заманнан бері ел тағдырына қатысты маңызды мәселелер халықтың басын қосқан құрылтайларда талқыланып, ортақ шешімдер қабылданған. Бүгінде бұл дәстүр жаңа мазмұнға ие болып, Парламентті алмастырады.

Сонымен, бұл дауыс беру конституциялық реформадан кейінгі алғашқы науқан болып табылып, алдағы бес жылға арналған заң шығару билігінің даму бағытын айқындайды. Осы жауапты кезең мен елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін терең түсіне отырып, Қазақстанның азаматы ретінде өз ойымды білдіруді жөн санап отырмын.

Сайлау – демократиялық қоғамның басты институттарының бірі. Әрбір азаматтың дауыс беруі – оның азаматтық жауапкершілігінің көрінісі. Сайлау арқылы халық өз таңдауын жасап, елдің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді. Сондықтан, әрбір қазақстандықтың саяси белсенділігі мемлекетіміздің одан әрі дамуына негіз болады.

Қоғамның дамуы тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігіне де байланысты. Ел бірлігі мен тұрақтылығы, қоғамдық келісім мен өзара сенім – Қазақстанның басты құндылықтарының бірі. Осы құндылықтарды нығайтуда құрылғалы отырған Құрылтайдың орны ерекше болмақ.

Бүгінгі Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолындағы мемлекет. Әділетті қоғам құру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, ұлттық бірлікті нығайту және қоғамдық келісімді сақтау – баршамызға ортақ міндет. Осындай маңызды бастамаларға белсенді қатысу арқылы әрбір азамат еліміздің жарқын болашағын қалыптастыруға өз үлесін қоса алады.

Алдағы сайлау науқаны мен Құрылтай жұмысы елімізді өркендету жолындағы тағы бір маңызды белес болып, әрбір қазақстандықтың тұрмыс сапасын жақсартуға тың серпін беретініне кәміл сенемін!

Әсем РАХИМОВА,
Сандықтау ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру
және спорт бөлімінің «Тілдерді дамыту орталығы» КММ басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар