Қазақстанда өткен жылдан бастап Темір жол көлігі қызметкерлері күні кәсіптік мерекелер тізіміне қайта енгізілді. Бұрын Теміржолшы күні ретінде тамыз айының алғашқы жексенбісінде жеке аталып өтіліп келген бұл мереке соңғы бірнеше жылдар бойы өзге көлік қызметкерлері күнімен біріктіріліп, осы көлік саласы бойынша ортақ бір мереке ретінде тойланып келген еді.
Ал, өткен жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бұл кәсіптік мерекені сол бұрынғысынша тамыз айының бірінші жексенбісінде атап өтілетіндей етіп, қайта қалпына келтіру ел экономикасының негізгі күретамыры болып саналатын осы темір жол саласының он мыңдаған қызметкерлерін ерекше қуанышқа бөледі. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті болат жол майталмандары!
Сурет yandex.kz сайтынан
![]()

