Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Құрылыс саласы экономиканы дамытуда және халықтың өмір сапасын жақсартуда маңызды рөл атқарады.

Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен жасампаз еңбектеріңіздің арқасында Ақмола облысында тұрғын үйлер, мектептер, бала бақшалары, медициналық мекемелер, спорт және инженерлік инфрақұрылым нысандары салынып, көлемді инвестициялық жобалар іске асырылуда.

Құрылысшылардың күнделікті жұмыстары аймақтың одан әрі дамуының берік негізін қалап, қалаларымыз бен ауылдарымыздың келбетін жақсартумен қатар, оларды тұрғындардың күнделікті тұрмысы үшін жайлы да қолайлы етіп келеді.

Осы сәтті пайдалана отырып, өздерінің қажырлы еңбектерімен осы саланың берік кәсіби дәстүрлерін қалаған және баға жеткізгісіз бай тәжірибелерін құрылысшылардың жаңа буынымен бөліскен ардагерлер қауымына шексіз алғысымды білдіремін.

Сіздердің баршаларыңызға зор денсаулық, өмірдің бар жақсылығын, жаңа еңбек табыстары мен биік белестерді, отбастарыңызға амандық-саулық тілеймін!

***

Қадірлі құрылысшылар қауымы мен ардагерлер!

Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен құттықтаймын!

Соңғы жылдары Ақмола облысы құрылыс қарқыны бойынша тұрақты жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Осы жетістіктердің барлығының артында сіздер – құрылысшылар, жобалаушылар, инженерлер, сәулетшілер және саланың ардагерлері тұрсыздар. Сіздердің ерен еңбектеріңіз, терең білімдеріңіз бен мол тәжірибелеріңіз зор құрмет пен шынайы алғысқа лайық.

Құрылыс саласына өмірін арнаған барша азаматтарға жасампаз еңбектері, жоғары кәсібиліктері және Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, бақыт, бақ-береке, кәсіби табыстар, тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенім тілеймін. Жобаларыңыз әрдайым табысты болып, отбасыларыңызда татулық, жылулық және молшылық болсын!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар