Құрылтайға лайықты депутаттардың сайланғаны маңызды

Бүгінгі таңда елімізде жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру, бала бойында еңбекқорлықты, отаншылдықты және жауапкершілікті қалыптастыру – басты міндеттеріміздің бірі.

Осы орайда, білім саласының маманы ретінде Құрылтайға депутаттарды сайлаудың қоғам өміріндегі маңызын жоғары деп бағалаймын. Ел болашағын айқындайтын маңызды шешімдер қабылдауда халықтың қамын ойлап, білім мен тәрбие саласының өзекті мәселелерін шешуге жан-жақты атсалысатын нағыз ел қамын ойлайтын білікті депутаттарды сайлаудың рөлі ерекше екенін атап өткім келеді.

Мектеп қабырғасында білім алып жатқан әрбір оқушының ертеңгі жарқын болашағы, сапалы білім алуы және дұрыс бағытта тәрбиеленуі халықтың мүддесін қорғайтын азаматтармен бірлесіп атқаратын жүйелі жұмыстарымызға тікелей байланысты. Халықтың сенімін ақтайтын, жанашыр депутаттар сайланса ғана өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына барлық қолайлы жағдай жасалып, мемлекет тарапынан қолдау күшейе түсетіні анық.

Біздің ортақ мақсатымыз – білімді, тәрбиелі, елін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу. Осы игі жолда лайықты депутаттарды сайлау арқылы білім саласын дамытуға, жастар саясатын жетілдіруге бағытталған игі бастамаларға өз үлесімізді қосу – әрбір педагогикалық ұжымның және саналы азаматтың парызы деп есептеймін.

Күлжәмилә Мұқамажитова,
Жарқайың ауданы,Тасты-Талды ауылының
жалпы орта білім беретін мектебінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар