Дауыс беру күні Ақмола облысындағы Савватиевтер отбасы сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Олар үшін сайлауға қатысу – маңызды күнді отбасымен бірге өткізіп, спортта ғана емес, күнделікті өмірде де бір-біріне қолдау көрсету дәстүрін жалғастырудың тағы бір мүмкіндігі, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.
Отбасы отағасы Вячеслав Савватиев – облыстық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Ол «Хрустальный колос» облыстық қысқы спартакиадасының «Отбасылық старттар» жарысында екі рет, «Ақ бидай» облыстық жазғы спартакиадасының осы бағытында үш рет жеңімпаз атанған. Сонымен қатар допты хоккейден «Хрустальный колос» облыстық қысқы спартакиадасында бес мәрте үздік нәтиже көрсеткен.
Жұбайы Юлия да отбасылық спорттық жарыстарға белсенді қатысады. Ал қызы Диана әулеттің спорттағы дәстүрін жалғастырып келеді. Ол шорт-тректен «Хрустальный колос» облыстық қысқы спартакиадасының жеңімпазы атанған.
Отбасындағы спортқа деген сүйіспеншілік ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Вячеслав Савватиевтің әкесі де допты хоккейден чемпион болған.
«Біздің отбасымыз үшін спорт әрдайым өміріміздің бір бөлігі болды. Жарыстарда бір-бірімізді қолдап, жеңістерге бірге қуанып, нәтижеге бірге алаңдауға үйренгенбіз. Бүгін де сайлау учаскесіне отбасымызбен бірге келуді жөн көрдік. Осындай маңызды сәттерді бірге өткізу және балаларымызға үлгі көрсету біз үшін маңызды», – деді Вячеслав Савватиев.
Бүгін Савватиевтер отбасы тағы да бірге жиналды. Бірақ бұл жолы спорт алаңында емес, сайлау учаскесінде. Дауыс бергеннен кейін отбасы күнделікті тіршілігін жалғастырды. Олар үшін ең бастысы – бірге болу, бір-біріне қолдау көрсету және отбасылық дәстүрді сақтау.
Дереккөз: aqmolacom.kz
![]()

