Аршалы кентіндегі №128 сайлау учаскесінде сайлау күні өнер ұжымдарының өкілдері дауыс беруге келіп, азаматтық белсенділіктерін танытты, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.
Атап айтқанда, «Ақ әжелер», «Берегиня» және Зеленый атындағы ансамбль мүшелері өз таңдауын жасау үшін сайлау учаскесіне ұйымдасқан түрде келді. Өнер адамдары үшін бұл күн – шығармашылық қызметпен қатар, елдің қоғамдық өміріне араласудың маңызды сәті болды.
Аталған ұжымдар ауданның мәдени өміріне белсенді атсалысып, түрлі мерекелік шаралар мен қоғамдық іс-шараларда өнер көрсетіп келеді. Олардың репертуарында халық әндері, ұлттық мұра мен дәстүрді дәріптейтін шығармалар кеңінен орын алады.
«Біз үшін өнер арқылы халықты біріктіру қаншалықты маңызды болса, азамат ретінде ел өміріне белсенді қатысу да сондай маңызды. Бүгін ұжым мүшелерімен бірге келіп, өз таңдауымызды жасадық. Бұл – әр азаматтың жауапкершілігі», – деді ансамбль мүшелерінің бірі.
Өнер ұжымдарының сайлауға бірге келуі мәдениет пен азаматтық белсенділіктің өзара сабақтастығын көрсетті. Ән мен өнерді насихаттап жүрген шығармашылық өкілдері бұл күні өз азаматтық ұстанымдарын да білдірді.
Аршалыдағы №128 сайлау учаскесінде өткен бұл сәт сайлау күнінің мазмұнын толықтырып, өнер, дәстүр және азаматтық жауапкершіліктің бір арнада тоғысқанын көрсетті.
![]()

