Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың ұсыныс-тілектері мен пікірлеріне назар аударды. Қабылдауда көтерілген мәселелердің бірі қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлердің толу деңгейін бақылау болды.
Атап айтқанда, бұл бағытта облыс әкіміне заманауи технологияларды, соның ішінде дрондарды пайдалану мүмкіндігін қарастыру жағы ұсынылды. Сонымен қатар, азаматтар инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелерін де көтерді. Мысалы, Көкшетау қаласында көкөніс сақтау қоймасын және Бұланды ауданында құрама жем зауытын салу жобалары талқыланды.
Өңір басшысы бұл ұсыныстарды жан-жақты зерделеп, олардың іс жүзіндегі маңыздылығына және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізер ықпалына назар аудару қажеттігін атап өтті.
Сондықтан да, бұл жобалардың облыс тұрғындары үшін экономикалық және әлеуметтік әсері қандай болатындығы жөнінде нақты негіздеме дайындау тұрғысында тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

