Жер-дүние алтын түске боялғандай әсер қалдыратын қоңыр күзде қала көшелерін ағаштардан түсіп жатқан жапырақтардан сейілту де біраз тыңғылықты жұмысты қажет етеді. Облыс орталығы Көкшетау қаласында мұндай тазалық жұмыстарымен айналысатындардың бірі – «Көкше-Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жыл он екі ай бойғы басқа тазалық шараларына қоса, күз келгенде көшелер мен бақтарды ағаш бұтақтарынан саулай бастаған жапырақтардан таза ұстау осы мекеменің кезекті бір міндеті. Сондықтан, бұл күндері жауын-шашынға да қарамастан, қаланың әр тұсында осы жұмыспен шұғылданып жатқан мекеме қызметкерлерін жиі көруге болады. Олардың бұл еңбегіне, әрине, әрқайсымыздың ризашылықпен көз салып, жылы қабақ танытуымыз адамгершілік парызымыз екені айтпасақ та түсінікті.
Суретте: серіктестік жұмысшылары Ерлан Қабылабкір мен Нұралы Минашев орталық саябақ аумағын күзгі жапырақтардан тазартуда.
Суретті түсірген Нұрболат БЕКТҰРҒАНОВ.
![]()

