Бүгін Жарқайың ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ардагерлер кеңесі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен сенбілік өтті.

Сенбілік барысында аллея аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, арамшөптерден тазартылды. Қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстауға және қоғамдық орындардың көркін жақсартуға үлес қосты.
Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ жауапкершілік!
#ТазаҚазақстан #ТазаОрта #ӨзіңненБаста
![]()

