Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халықтың әл-ауқатын арттыру және азаматтарға лайықты өмір сүру жағдайларын жасау – мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі. Бұл міндеттердің негізі Қазақстан Республикасының Конституциясында айқын көрініс тапқан. Ата Заңымызда бекітілген әлеуметтік қағидаттар ел дамуының бағдарын белгілеп қана қоймай, әрбір азаматтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты істерге жол ашады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында елімізде халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағыттағы жұмыстар өңірлерде де жүйелі түрде жүзеге асырылып, тұрғындардың күнделікті өміріне оң өзгерістер әкелуде.
Осындай игілікті істердің бірі – Шортанды ауданында 36 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің пайдалануға берілуі.
Жаңа баспана – жаңа мүмкіндіктер
2025 жылдың тамыз айында басталған құрылыс жұмыстары 2026 жылдың тамызында аяқталып, жалпы ауданы 1 875 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй қолданысқа берілді. Жаңа баспана тұрғындардың тұрғын үйге деген қажеттілігін қанағаттандыруға және ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі болды.
Әрбір отбасы үшін баспананың орны ерекше. Өз үйіңнің болуы – тұрақтылықтың, ертеңгі күнге деген сенімнің және отбасылық берекенің негізі. Сондықтан жаңа тұрғын үйдің пайдалануға берілуі – жай ғана құрылыс нысанының аяқталуы емес, бұл – адамдардың өміріндегі маңызды белес, жаңа мүмкіндіктерге бастайтын қадам.
Молдазиятов Бейбіт Айтбекұлы,
Шортанды аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі
![]()

