Көкшетау ел чемпионатын қабылдауда

Әкім – іс үстінде

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетауда волейболдан жоғары топтағы әйелдер командалары арасында басталған Қазақстан чемпионатының ашылу салтанатына қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.   

9 команда қатысып жатқан біріншілік ойындары «Kokshe Arena» спорт сарайында өткізіліп жатыр.

Облыс әкімі өз сөзінде мұндай үлкен доданың Ақмола өңірінде тұңғыш рет ұйымдастырылып  отырғандығын атап өтті. Сонымен қатар, аймақта әйелдер волейболын дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын жеткізді.

– Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру және кәсіби спортты қолдау аясында облыста «Оқжетпес» әйелдер волейбол командасы жасақталды. Бас жаттықтырушы Тимур Жарылғасовтың жетекшілігімен команда құрамына 15 спортшы қыздар енді. Олардың қатарында Қазақстанның U-18 жасөспірімдер құрамасының мүшелері Саида Ирисматова мен Валерия Кириченко сияқты болашағынан үміт күттіретін волейболшылар бар. Осы жарысқа қатысу біздің командамыз үшін өз әріптестерімен тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдауға жақсы мүмкіндік. Осы жолда бәріңізге де сәттілік тілеймін, – дей келе,  Марат Ахметжанов облыс орталығында биыл пайдалануға берілген «Kokshe Arena» спорт кешенінің осындай республикалық және халықаралық жарыстарды өткізуге жақсы жағдай туғызып отырғандығына тоқталды.

Волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионаты 16 қарашаға дейін жалғасады.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар