Суды үнемдейтін әрі тиімді пайдаланатын кез келді

Жолдауға –  қолдау!

Мемлекет басшысының Жолдауында су ресурстары мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Президент суға ұқыпты қарау шаруашылық жүргізудің міндетті қағидаты болуға тиіс екенін атап өтті.

Алда су тұтыну саласындағы тарифтік реформаны қисынды аяқтауға жеткізу, желілердегі шығындарды азайту және суды толық және сенімді есепке алу үшін цифрлық құралдарды пайдалану сияқты міндеттерді қойды.

Біз, су саласының қызметкерлері үшін бұл күнделікті жұмыс. Аймақ егіншілеріне керек су каналдар мен су қоймаларын сенімді пайдаланудан бастап, вегетациялық кезеңде суды уақытылы жеткізуге дейін біздің қолымыздан өтеді. Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында «Қазсушар» РМК Ақмола филиалы жыл сайынғы вегетациялық су беру шеңберінде су үнемдеу технологияларын енгізуді жалғастыруда. Олардың негізгілері тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелері. Олар суды тиісінше қамтамасыз етуге және оны өсімдікке қажет жерде тұтынуға мүмкіндік береді.

Бүгінде филиал нысандарындағы суару технологиялары жаңа деңгейге шықты.  2026 жылы еншіміздегі жалпы 3 мың гектар егістік алқаптың 2024 гектары заманауи су үнемдеу технологиялары арқылы суарылды. Бұл жалпы игерілетін жердің үштен екісінен астамы тиімді әрі үнемді су пайдалану жүйесіне толық көшкенін көрсетеді.

Су тапшылығын азайтуға бағытталған бұл бастама өңірдегі бірнеше ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының нақты тәжірибесінде сәтті жүзеге асып келеді. Атап айтқанда, Нұра-Есіл каналының ресурсын пайдаланатын «Bio NORD» серіктестігі 1082 гектар аумақта жаңбырлатып суару әдісін қолдана отырып, бұл бағытта көш бастап тұр. Осы арна арқылы су тартып отырған тағы бір шаруашылық «Преображенка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 200 гектар жерге жаңбырлатып суару қондырғыларын орнатқан.

Су қорын тиімді пайдалану ісі Шағалалы су қоймасына бекітілген кәсіпорындарда да қарқынды жүруде. Мұнда «АгроКрестьянский двор» серіктестігі 576,5 гектарға жаңбырлатып суару жүйесін енгізсе, «Агро Трейд Көкше» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 166 гектар аумақта өнімділігі жоғары тамшылатып суару әдісіне басымдық берген.

Озық технологияларды кеңінен қолдану су ресурстарын ұқыпты жұмсауға мүмкіндік беріп қана қоймай, ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыруға тікелей ықпал етуде. Шаруашылықтардың заманауи инфрақұрылымға сенім артуы өңірдегі су шаруашылығы саласының орнықты дамуына берік негіз қалап отыр.

Тұтынушылар Нұра-Есіл каналы мен Шағалалы су қоймасынан суды қолдағы жабдықтардың көмегімен өз бетінше алады. Технологияларды таңдау және оларды егістіктерге енгізу шаруашылықтардың өз құзырында қалады және біз серіктестерімізге жауапты тәсіл үшін алғыс айтамыз.

Су үнемдеу технологияларының үлесі Ақмола облысының аудандары бойынша да өсуде. Мәселен, 32 мың гектар суармалы жерлердің 23 мың гектардан астамы су үнемдеу жүйелері қолданылатын алқаптарға тиесілі. Бұл – аймақтың барлық суармалы жерлерінің төрттен үш бөлігі.

Бұдан басқа, филиал объектілерінен берілетін суды 100 пайыз есепке алу жүзеге асырылады, есепке алу аспаптары, есептегіштер және электрондық өлшеу аспаптары барлық жерде енгізіледі және гидротехникалық құрылыстардың жұмыс аймағындағы барлық су тұтынушылар мен су пайдаланушылар үшін міндетті рәсім болып табылады.

Біз осы үлесті ұлғайту бойынша әрі қарай жұмыс істейтін боламыз және облыстың барлық су пайдаланушыларын осы суару жүйесіне қосылуға шақырамыз. Су – ортақ игілік және ол үшін жауапкершілік мемлекет, кәсіпорындар, фермерлер және аймақ тұрғындарына, баршамызға жүктеледі. Үнемделген әрбір текше метр су бүгін егістік алқаптар және ертең аймақтың су қауіпсіздігі үшін жұмыс істейді.

Ербол ӘСКЕРБЕКОВ,
«Қазсушар» ШЖҚ РМК Ақмола филиалының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар