Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тіл жанашырларының кеңесі - АРҚА АЖАРЫ

Тіл жанашырларының кеңесі

Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақмола облыстық тілдерді оқыту орталығының тамыз кеңесі «Тілдерді оқыту үдерісіндегі жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдану жолдары» тақырыбында өтті. Жиынды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Кәрімова, құттықтау сөзбен ашып, тіл жанашырларына жылы лебізін білдірді.

Тамыз кеңесінде Ақмола облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Қаратай Бәйкенов «2018-2019 оқу жылының қорытынды есебі» туралы баяндама жасады. – Облыстық орталық Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған оқу-әдістемелік кешені негізіндегі оқу үдерісін ұйымдастырып келеді. Бұл әдістеме жыл сайын жетілдірілуде,– дей келіп, орталық директоры алдағы міндеттерді ортаға салды.
Сонымен қатар, жиын барысында «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы» тақырыбында Астрахан аудандық тілдерді оқыту орталығының директоры Сәндібек Үрістемов баяндама жасады.
– Латын әліпбиінде 32 әріп бар. Қазақтың төл дыбыстары апостроф арқылы белгіленген. Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да, мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Әлемде ақпараттың басым пайызы ағылшын тілінде таратылатынын ескерсек, Қазақстан үшін латынға көшудің пайдасы көп болары сөзсіз. Сондай-ақ, бұл өзгеріс тіліміздің фонологиялық, лексикологиялық және терминологиялық жағынан дамуына бірден-бір кепіл бола алады. Латын әліпбиі әлемдік өркениетке аяқ басуымызға септігін тигізеді. Кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Ал, дүниежүзі халықтарының 80 пайызы латын әліпбиіне көшкен. Осының есебінен басқа тілдерді үйренуге мүмкіндігіміз артады. Әрбір жаңа тіл – жаңа әлем. Оның үстіне, латын тілі – жаңа технология тілі, ғаламтор тілі. 1929-1940 жылдары латын әліпбиінде жаздық. Сол замандағы ұлы тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбаларын келер ұрпақ қиындықсыз оқи алуы керек. Бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Оның 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. Қандастарымызбен жақындасудың маңызы айтпаса да түсінікті. Әліпби өзгерту төл сөздерімізді жазуда кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге көмектесіп, қазақ сөздерінің дұрыс айтылуына ықпал етеді, – деді тіл жанашыры.
Отырыс барысында қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру бойынша іс-шаралар жоспары талқыланды. Пленарлық отырыстан кейін тамыз кеңесі секциялық жұмыстарға ұласты. Панорамалық сабақтар аяқталған соң, мәжіліс залында жұмыс қорытындысы бойынша тіл жанашырларына Алғыс хаттар табыс етілді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар