Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мұрағаттар қызметінің маңызы артып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Мұрағаттар қызметінің маңызы артып келеді

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Архив-2025» жеті жылдық мемлекеттік бағдарламасын қабылдау туралы бастама көтеріп, ұлттық тарихты сақтау және қазіргі қазақстандықтардың тарихи санасын жаңғырту үшін халқымыздың өткенінің құжаттық дәлелдерін зерттеудің маңыздылығын атап өтті.

Мемлекеттік деңгейде архивтің маңыздылығы артып, осы саланың дамуына көбірек көңіл бөліне бастады. Архивтер жаһандық өзгерістердің алдында тұр және бұл архив қызметкерлерін жігерлендіреді. «Ақпараттық Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында заманауи ақпараттық технологиялар арқылы кез-келген архив құжаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін Бірыңғай электрондық архив жүйесін құру жұмыстары жүргізілуде. Ақмола облысының мемлекеттік архиві, архив құжаттарын жинау жұмыстарын атқарумен қатар, оларды цифрлық форматқа ауыстыруда да үлкен жұмыс атқаруда.
Архивтің маңызды міндеттерінің бірі – азаматтарды ретроспективті ақпаратпен қамтамасыз ету. Құжаттарды пайдалану және облыстық мемлекеттік архивтің архивтік анықтамаларын беру бөлімімен байланыса отырып, адамдар еңбек өтілі, жалақысы, білімі, наградалар, мүліктік құқық және басқа да мәселелер туралы архивтік анықтама ала алады. Аз уақыт бұрын архив құжаттары туралы ақпаратты тек пошта қызметі арқылы немесе архивке тікелей хабарласу арқылы алуға болатын. Бүгінгі таңда Қазақстан тұрғындары кез-келген электронды құрылғыны: дербес компьютерді, телефонды немесе планшетті қолдана отырып, интернет арқылы архивтік ақпаратқа оңай тапсырыс бере алады. Электрондық қызметтердің танымалдығы жылдан-жылға артып келеді, өйткені, бұл – сұранысты жеткізу уақытын азайтуға мүмкіндік береді, өтініш берушілердің материалдық шығындарын азайтады, мереке мен демалыс күндеріне қарамастан, күннің кез-келген уақытында байланысуға мүмкіндік береді.
Архивтер мен мемлекеттік қызметтерді көрсету басты назарда тұр. Облыстың мемлекеттік құрылымдары мен архивтердің уақытылы өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметінің бірыңғай порталын қамтамасыз етеді. Осы мега-сайт арқылы біздің азаматтарға ұсынылатын бірнеше жүздеген мемлекеттік қызметтердің ішінде «Мұрағаттық анықтамаларды, мұрағат құжаттарының көшірмелерін немесе мұрағаттық үзінділерді беру» мемлекеттік қызметі бар. Күн сайын облыстық мемлекеттік мұрағатқа біздің республикамыздың түкпір-түкпірінен, ТМД, Балтық жағалауы елдерінен, Германиядан, Грециядан, Польшадан, Израильден, Канададан ондаған өтініштер келіп түседі. Ақмола облыстық архивіне әлемнің түкпір-түкпірінен келіп түскен бірнеше мың қоңыраулардың бірде-бірі назардан тыс қалмайды. Сұраныстарды орындау өте жа-
уапты мәселе, өйткені, стандартты мәлімдемелер желісінің артында адам тағдыры мен мүддесі тұрады.
Осылайша Ақмола облысының мемлекеттік архивінің құжаттары ретроспективті ақпарат көзі ретінде кең сұранысқа ие. Олар азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін қанағаттандыру мен қорғауға қызмет етеді, заң шығарушы және атқарушы билік органдары да архив деректерін кеңінен қолданады және оның дамуына қызмет етеді.
Нәзира ИСЕНОВА,
Ақмола облысы мемлекеттік архивінің архивтік құжаттарды пайдалану және беру бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар