Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Даниялық инвесторлар өңірімізде ірі мал шаруашылығы кешенін салмақшы - АРҚА АЖАРЫ

Даниялық инвесторлар өңірімізде ірі мал шаруашылығы кешенін салмақшы

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Данияның «Danish Farm Concept» компаниясының өкілдерімен кездесіп,

Ақмола облысында өнімділігі жоғары шошқа шаруашылығын ашу мәселесін талқылады. Даниялық инвесторлар ірі жобаны қаржыландыруға әзір.

«Danish Farm Concept» компаниясының өкілі Хендрик Фойгт облыс әкіміне өздеріне қолдау білдіргені үшін зор алғысын айтып, Ақмола облысында алғаш рет болып отырғандығын, ауыл шаруашылықты аймақта осындай ірі жобаны жүзеге асыруға аса ынталы екендігін жеткізді. Инвесторлардың жобалауынша шошқа шаруашылығы жылына жүз мың тоннадай шошқа етін өндіреді. Сондай-ақ, өндірілген етті өңдеп, көрші елдерге, оның ішінде Қытай рыногына шығаруды да жоспарлап қойыпты. Жоғары өнімділікке түлікті азықтандыру және генетикалық жұмыстар жүргізу технологиясы арқылы қол жеткізілмек. Данияда өсірілетін бұл шошқа түлігі жылына 35-40 торай табады. Мұндай ірі шаруашылықты іске қосу арқылы өңірде қосымша 5-6 мың жұмыс орыны ашылмақшы. Жаңа шаруашылыққа ветеринарлар мен электриктер, ағаш ұсталары сияқты сан салалы мамандар қажет болады. Даниялық компания шаруашылық үшін жергілікті мамандарды дайындауды да мойындарына алып отыр, ал құрылғылардың бәрі еуропалық жаңа технологиялармен жұмыс істейді. Оған қоса, жобада қоршаған орта тазалығын сақтауға да жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінген.
Хендрик Фойгт облыс басшысынан ферма ғимараты мен азық-түлік базасы үшін қажетті қосымша жер телімін беру мәселесін қарастыруды сұрады. Компания шошқа қиын жергілікті шаруашылық қожалықтарына органикалық тыңайтқыш ретінде тегін бермек.
Даниялық компания өкілінің айтуынша, Қазақстанда осындай ірі шошқа фермасын салып, іске қосу үшін қажетті жағдайлардың бәрі бар, ең алдымен, ауа райы мен жер жағдайы өте қолайлы. Жобаны іске қосуда мемлекет тарапынан инженерлік желілер мен жол тарту мәселесін шешудің маңызы зор. Аталмыш компания соңғы 15 жылдың ішінде осындай жобаларды Қытайда, Украинада, Ресейде жүзеге асырыпты. Ол елдердегі жобалар жемісті жүзеге асып жатқан көрінеді, Қазақстанда да шошқа шаруашылығын құру ісі сәтті болады деген ниетін білдірді.
Облыс басшысы өз кезегінде, бұл жобаның өңіріміздің өндірісін дамытуға игі ықпалын тигізетінін атап өтті.
– Біз жобаға қажетті жер телімімен және инженерлік желілермен қамтамасыз етуді мойнымызға аламыз. Мұндай ірі жоба Макинск қаласында ашылып, жұмыс істеп жатыр. Жылына 25 мың тонна құс етін өндіретін аса ірі кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Қазіргі күні инвестор жобаның екінші кезегін іске қосуға дайындалуда. Яғни, біз мұндай инвестициялық жобаларға қашанда ынталымыз, – деді облыс әкімі.
Облыс басшысы сондай-ақ, Астраханка селосында ауыл шаруашылығы колледжі бар екендігін, соның базасында қажет мамандарды даярлау мүмкіндігі болатындығын да ескертті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар