«Мына қатын тағы шықты!»
Театрда «Ана – Жер-Ана» спектаклі жүріп жатыр. Желке тұсымда бір мұғалімі жетектеп, бір мұғалімі айдап әкелген студенттер отырған. Бір кезде:
–Мына қатын тағы шықты! – деді бірі.
–Ол қатын емес, Жер-Ана,–деді екіншісі.
…Енді бір отыз жылда қазақтың театршылдығы қай деңгейде болар екен? Ішкі түйсік тепсінеді: «Күшті болады!».
(«Өкпелесең, өзің біл» кітабынан алынды).