Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Полковник» пен «подполковник» ұсталды - АРҚА АЖАРЫ

«Полковник» пен «подполковник» ұсталды

Көкшетау қаласында кешқұрым патрульдеуге шені дардай полковник пен подполковник шыққан. Мұны байқап қалған тұрғындар қазіргі төтенше жағдаймен байланыстырады. Алайда полицей формасын кигендердің ішкі істер органдарына мүлдем қатысы жоқ болып шыққандығы мәлім болды.

Карантин режимін өздері сақтамай, маскасыз, қолғапсыз жүрген шенді полицейлерді көрген қырағы тұрғындар 102-ге шағымданады. Патрульде полковниктердің жүрмейтінін білген тәртіп сақшылары жасы 35-тегі көкшетаулық азамат пен 34 жастағы келіншекті бөлімшеге жеткізеді. Иықтарында жұлдыздары жарқыраған погон тағып, су жаңа полицей формасын киген олардың қолында тіпті пневматикалық тапанша да болады. Патрульді ұйымдастырған азамат келіншекті «полицияға жұмысқа орналастырамын» деп ауылдан алып келіпті. Сол қызметі үшін қыздың әкесінен 400 мың теңге алған. Кейіннен «полковниктің» жүйке аурулары диспансерінде арнайы есепте тұрғаны белгілі болды. Ал бірден «подполковник» болып шыға келген келіншек оған «сеніп қалдым» деп отыр.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчуктың мәліметінше, қазір аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған. «Олар өз бетінше мемлекеттік жауапты лауазымдағы қызметкердің шенін пайдаланбақ болған. Полицей формасы да, тапанша да тәркіленді. «Сеніп қалдым» деген әйел де бұл әрекеті үшін жауап береді. Олар тергеуге келуге міндеттеліп, әзірше үйлеріне жіберіліпті.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар