Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Коронавирусқа шалдыққандардың 91-і шет елден келгендер - АРҚА АЖАРЫ

Коронавирусқа шалдыққандардың 91-і шет елден келгендер

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына және коронавирустық инфекцияның ағымдағы жағдайына байланысты баспасөз конференциясы болып өтті.

Баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, соңғы тәулікте елімізде тіркелген 369 науқастың 91-і шет елден келгендер. Ал, қалған анықталған науқастар індет жұқтырғандармен байланыста болған адамдар.

Сондай-ақ, бас санитарлық дәрігер Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында енгізілген қаулыға байланысты түсініктеме берді.

–Қаулы бойынша мемлекеттік шекарадағы блок-бекеттерде санитарлық карантиндік бақылау басты назарда болуы тиіс. Әсіресе, ел ішіндегі індетке қарсы шаралар күшейтіледі. Қаулыға сәйкес елімізге шетелден келгендер  3 күн бойы лабораториялық зерттеулер жүргізу үшін оқшауланады. Егер қан талдамалары теріс нәтиже көрсетсе, онда олар 14 күнге үй карантиніне жіберіледі. Ал, вирус анықталған жағдайда олар инфекциялық стационарларға жатқызылады, – деді Айжан Есмағамбетова. Сонымен қатар, ол өз хабарламасында, коронавирустан қайтыс болғандар қалай жерленетінін де айтты.

– Мен арнайы қаулымен коронавирус жұқтырғандарды жерлеу рәсімінің алгоритмін бекіттім. Коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың денесі туысқандарына берілмейді. Қоштасуға тек 30 минут қана уақыт беріледі. Ара қашықтық 3 метрден кем болмауы керек. Жерлеу рәсіміне жақын туыстары мен имам қатыса алады, – деді бас санитарлық дәрігер.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар