Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысындағы науқастар қауіпті індетті қайдан жұқтырды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысындағы науқастар қауіпті індетті қайдан жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Ақмола облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина коронавирус инфекциясын жұқтырған тұрғындар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 сәуірдегі жағдай бойынша Ақмола облысында вирус жұқтырған науқастар саны 16-ға жетті.

Соңғы анықталған 5 науқастың төртеуі бұрын коронавирус жұқтырған науқастармен байланыста болған, 1 адам Көкшетау қаласынан табылды.

Екі науқас 1984 жылы туған әйел мен 2017 жылғы сәби — Қоянды ауылының тұрғындары. Олар 1979 жылы туған Қоянды ауылының тұрғынынан вирус жұқтырған. Ер адам елордада коронавирус инфекциясы зертханалық түрде расталған адаммен жұмыс бабымен байланыста болған.

1962 жылы туған әйел мен 2011 жылғы жасөспірім Қосшы ауылында тұрады. Олар Нұр-Сұлтан қаласынан келген туыс әйелмен кездескен. Бұл әйелден 26 наурызда коронавирус инфекциясы табылды. Ал 28 наурызда осы оқиға бойынша 3 адам ауруханаға жатқызылды.

Көпбейінді облыстық аурухана жанындағы емхананың санитарлық қызметкері — 1962 жылы туған Көкшетау тұрғыны жұмыс барысында дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен терапевтке қаралған. Әйелге сол сәтте COVID-19 тесті жүргізілді және инфекцияның бары расталды. Онымен байланыста болған тұлғалар анықталып жатыр. Әзірге 35 медициналық қызметкер, 4 отбасы мүшесі карантиндік стационарға жатқызылды. Көпбейінді облыстық ауруханада карантин жарияланып, эпидемиялық тексеру жүріп жатыр.

Пациенттер бүгін Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің инфекция бөліміне жатқызылды. Жағдайлары қанағаттанарлық.

Қазіргі уақытта облыста 174 пациент ауруханада жатыр. 13 адам — Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде, 2 адам — Нұр-Сұлтан қалалық фтизиопульмонология орталығында, 94 пациент — провизорлық орында, 65 адам — карантиндік стационарда жатыр. Одан бөлек, 362 адам үй карантиніне оқшауланған.

Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша барлығы 372 жағдай тіркелген.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/akmola-oblysyndagy-naukastar-kauipti-indetti-kaydan-zhuktyrdy_a3632396

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар