Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Суыт хабар - АРҚА АЖАРЫ

Суыт хабар

Қарғын су сес көрсетті

Ақ қар, көк мұзының көбесі сөгіле қоймаған Ақмола  өңіріне де көктемгі қарбалас келді. Бүгін Жабай өзені тасып жатыр.

Сандықтау ауданының орталығы Балкашин селосына өзен аңғарынан асып ақтарыла аққан қызыл су еніп үлгерді. Ондаған  бір қабатты тұрғын үйлер су астында қалды. Әзірге іргетастың ғана деңгейінде. Өзен жаңа ғана тасып жатыр. Арыдан құйылған қарғын су молайса, қауіп те еселене түспек. Төтенше жағдайлар департаментінің жедел отряды іле жетіп, 2000 текше метрге жуық суды ағызып үлгерді. Өзендегі кептелген мұзды жарып, қарғын суға жол ашу жұмыстары жүргізілуде.

Бұланды ауданында да қызыл судан қауіп күшейіп тұр. Мат өзеніндегі көпір маңына сең жиналып, ағын суға бөгет болуда. Бұл маңда да арнасын таппаған ағын су лықылдап тұр. Көпір арқылы өтетін айналма дала жолы әзірге жабық.

Кешегі дауылдан соң қыламықтап қар жауып, күн салқындады. Судың қатуы тасқынның бетін қайтаруға сәл де болса тосқауыл болып тұрған жайы бар.

Байқал БАЙӘДІЛ

 

Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар